• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:59

Алматы әуежайында 11 келі есірткімен шетелдік ұсталды: Ол өмір бойына сотталуы мүмкін

50 рет
көрсетілді

Арнайы тексеру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Алматы әуежайында есірткі контрабандасының жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бангкок – Алматы рейсімен келген 20 жастағы шетел азаматы шамамен 11 килограмм болатын гашиш майы салынған ыдыстарды тасымалдаған.

Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған. Оның кінәсі толық дәлелденсе 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Айта кетейік, жедел бөліністердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталған. 

Шығыс Қазақстан облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды: Күдіктілер өмір бойына сотталуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар