• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:27

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

30 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 2026 жылғы 4 мамырда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның барлық аумағында қолайсыз метеожағдайлар күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр. Желдің екпіні кей жерлерде 15-25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы, Шымкент, Түркістан, Жамбыл және бірқатар оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда жауын-шашынның күшеюі, бұршақ және қар аралас жауын ықтимал.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде де жауын-шашынмен бірге желдің күшеюі, тұман және түнгі уақытта үсік болуы мүмкін. Кейбір облыстарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар