• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 09:50

Қазақстан мұнай өндірісін тағы арттырады: OPEC+ жаңа келісімге келді

30 рет
көрсетілді

OPEC+ құрамындағы жеті мемлекет маусым айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы келісімге келді. Бұл шешімге Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдері қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

OPEC+ БАӘ ұйымнан шыққаннан кейін, 3 мамырда алғаш рет онлайн форматта  жиын ұйымдастырды. Жиынға қатысушы елдер нарықтағы жағдайға байланысты өндіріс көлемін қайта қарастыруға дайын екенін атап өтті. Яғни, мұнай нарығындағы баға мен сұранысқа қарай икемді саясат сақталады.

Келісімге сәйкес, Қазақстан үшін белгіленген квота – тәулігіне 1,599 млн баррель мұнай. Бұл соңғы айларда өндіріс көлемін қатарынан үшінші рет арттыру болып отыр.

Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады

Reuters агенттігінің мәліметінше, өндірісті арттыру туралы шешімнің екі негізгі себебі бар. Біріншісі – Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай мен жеткізілімдерге қатысты шектеулер, бұл мұнай бағасының өсуіне алып келуі мүмкін. Екіншісі – OPEC+ ұйымының біртұтастығын сақтап, БАӘ ұйымнан шыққаннан кейін де жүйенің жұмыс істеп тұрғанын көрсету.

БАӘ 28 сәуірде OPEC пен OPEC+ құрамынан шығатынын мәлімдеген еді. Олар бұл қадамды мұнай саласына көбірек инвестиция салып, өндіру көлемін шектеусіз арттыру қажеттілігімен түсіндірген.

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы

Қазір OPEC құрамында 11 мемлекет қалды, ал OPEC+ аясында бұдан бөлек тағы бірнеше мұнай өндіруші ел, соның ішінде Қазақстан да бар.

Соңғы жаңалықтар