• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 17:20

Бестеректегі қайғылы жағдай: зардап шеккен қыз санавиациямен Семейге жеткізілді

40 рет
көрсетілді

Абай облысының Бестерек ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен үш баланың бірі аудандық ауруханадан санитарлық авиациямен Семей қаласына жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Науқасты алған жарақатының ауырлығына және тасымалдау кезінде өмірге қауіп төнуіне байланысты оқиға күні облыс орталығына жеткізу мүмкін болмаған.

Тұрақты бақылау мен тексеруден кейін жәбірленушінің жағдайы әуе тасымалы үшін қанағаттанарлық деп танылып, оны Семейге ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Науқас Семей медициналық университет госпиталіне жеткізілді. Емдеу орыны заманауи медициналық жабдықты қолдана отырып, науқастың жағдайын кешенді түрде тексеріп, тиісті ем тағайындалды.

"Қазіргі уақытта науқас анестезиология, реанимация және терапия бөлімінде емделуде. Баланың жағдайы облыс әкімі Берік Уәлидің жеке бақылауында", - делінген хабарламада.