• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:00

Әуелеген әуендер

20 рет
көрсетілді

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Осыған орай, қалада алты күн­дік түрлі спорттық, мәдени, танымдық, қайырымдылық іс-шаралар бағдарламасы жа­салып, шаһар көгінде әуезді ән-күй қалықтайды. Мерей­той шымылдығы қала­лық мәде­ниет үйінде «Қонаев әуен­дері» ансамблінің тұсаукесер концер­тімен ашылды.

Сондай-ақ бұл күні аса көр­некті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы мен қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы қатар ­аталып өтті. Мерекелік кеште олар­дың ­репертуарынан «Қайрат», «Аққу күйлері, «Құстар қайтқанда», «Куә бол», «Алатау» әндері шырқалды. Бұдан басқа да би композициялары орындалып, тыңдарман жүрегін тербеді.

«Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы түрлі іс-шараларды ұйымдас­тыру­дамыз. Соның ішінде бүгінгісі ерекше әсер қал­дырып отыр. «Қонаев әуен­дері» ансамблінің құ­рамында әншілер, бишілер, күйшілер, түрлі аспапта ойнайтын өнерпаздар бар. Бұл ұжым алдағы уақытта барлық мере­келік шараға қатысып, ел мәде­ние­тін дамытуға атсалысады», деді қала әкі­мінің орынбасары Төлеген Кен­жебеков.

Мәдениеті мен әдебиеті жанданып, руханият орта­лығына айналған шаһар­дың өнерін өрістетер өз ансамблі болғанына жергілікті тұрғындар да қуанып отыр.

«Биыл қазақ дала­сында халқы­мыздың маң­дайына біткен ­хакім Абай Құ­нан­байұлы баста­ған ұлы ­тұл­­ғалардың, әдебиет пен мәде­ниет­тің марқасқаларының мерейтой­­лары кең көлемде атап өтілуде. Осын­дай игі ша­раларға әр беріп, шы­ғар­ма­шы­лық кеш­терді шарықтатар «Қо­наев әуендері» ансамблінің құрыл­ға­нына балаша қуанып отырмыз. Енді өз өнер ұжы­мымыз бар. Қаламыздың 55 жыл­дығы құтты болсын!», дейді қала тұрғыны Айбек Ережеп.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар