• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 07:53

Эволюция бағыты өзгерді

10 рет
көрсетілді

Мэн университетінің ғалымдары қазіргі заманғы адамзат эволю­циясының бағыты өзгеріп жат­қанын айтады. Олардың пікірінше, бүгінде адамның дамуы мен өзге­руіне әсер ететін басты күш – биологиялық гендер емес, мәдениет.

Қоғамда қалыптасқан ортақ тәжірибе, білім, технологиялар мен өмір салты адамдардың денсаулығына, өмір сүру ұзақтығына және әлеуметтік құрылымына тікелей ықпал етеді. Мәдени өзгерістер мен технологиялық жетістіктер генетикалық мутациялардан әлдеқайда тез таралып, адамдардың өміріне жылдам бейімделеді. Осылайша, адамзат біртіндеп биологиялық емес, мәдени тұрғыдан дамитын «суперорганизмге» айналуы мүмкін.