• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Таным Бүгін, 08:10

Иммундық жүйенің құпиясы ашылды

20 рет
көрсетілді

Биылғы физиология және медицина саласын­дағы Нобель сыйлығы ағзаның иммундық жүйесін терең зерттеген үш ғалымға – амери­калық Мэри Бранкоу мен Фред Рамсделл­ге және жапон зерттеушісі Симоон Сакага­гучиға бұйырды. Олар адам денесін түрлі аурулар­дан қорғайтын иммундық жүйенің өзін-өзі бақылау тетігін ашқан.

Ғалымдар зерттеу барысында иммун жүйесінде «Т-регуляторлық жасушалар» деп аталатын ерекше топтың бар екенін анықтады. Бұл жасушалар ағзаның өз жасушалары мен бөтен вирустарды ажыратып, қате шабуылдың алдын алады. Егер осы тетік бұзылса, иммундық жүйе өз тіндеріне қарсы тұрып, қант диабеті, артрит немесе ішек аурулары сияқты аутоиммунды дерттерге әкеледі.

«Ғалымдар ашқан бұл жаңалық имммундық жүйенің қалай жұмыс істейтінін және де аутоиммундық ауруға неліктен барлығы бірдей шалдықпайтынын түсінуде маңызды рөл атқарды», деді Нобель комите­тінің төрағасы Олле Кемпе.

Мэри Бранкоу мен Фред Рамсделл FoxP3 генінің осындай жасушалардың қалыптасуында шешуші рөл атқаратынын дәлелдеді. Ал Симоон Сакагагучи бұл құбылысты тәжірибе жүзінде нақтылап, иммундық жүйенің тепе-теңдігін сақтаудағы маңызын көрсетті.

Бүгінде бұл жаңалық аутоиммунды ауруларды емдеуде және ағзаға жаңа орган қондырғанда иммундық жүйенің қарсылығын төмендетуде кең қолданылуы мүмкін. Сарапшылар бұл бағыт медицинаның болашағын түбегейлі өзгертеді деп бағалап отыр.

 

Бекзат МЫҢАЙДАР