• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қазан, 2025

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында топ жарды

40 рет
көрсетілді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан командалық аралас эстафетада топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтын медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсеке басында Қазақстан құрамасы уақыт бойынша үшінші орынға тұрақтаған еді. Алайда шешуші кезеңде отандастарымыз керемет серпін танытып, мәреге бірінші болып жетті.Ұлттық команданың намысын Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова және Анель Ташбай қорғады.Алғашқы хаттамаға сәйкес, Иран екінші, Тайбэй үшінші орынға табан тіреген болатын. Дегенмен кейін нәтижелер қайта қаралып, Иран құрамасы жарысты толық аяқтамаған деп тіркелді. Соның нәтижесінде Тайбэй құрамасы күміс медальға, ал Қытай командасы қола медальға ие болды.Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Манамадағы Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесі.