Министрлік атап өткендей, бұл маңызды шешім тек Қазақстанның ұлттық мүдделерін басшылыққа ала отырып қабылданған және республиканың теңгерімді, сындарлы әрі бейбітсүйгіш сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді.
«Авраам келісімдеріне қосылу біздің еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді және бұл Қазақстанның стратегиялық мақсаттарымен толық үйлеседі», делінген мәлімдемеде.
Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды.