Спорт • Кеше

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Плей-оффтың 1/8 сайысында Алматының «Қайраты» Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубына қарсы ойнаса, «Семей» польшалық «Пяст Гливицемен» күш сынасады.

Алғашқы матчтар 24 қарашада өтсе, қарымта кездесулер 5 желтоқсанда ұйымдастырылады. Осы межеден сүрінбей өткен 8 команда келесі жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызында өтетін ширек финалда өзара шеберлік байқасады.

Жартылай финал мен финалдық ойындарды 8 бен 10 мамырда тамашалаймыз. Шешуші матчтар Италияның Пезаро қаласында өтеді.