Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, балалар үйі ауласындағы асхана ғимараты жанған. Ғимаратта адамдар болмаған. Ал тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.
- Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ өрт орнына қаланың барлық шұғыл қызметі келді. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды, - деп хабарлады ТЖД.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері мешіт ғимаратына орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген. Оларға Апаттар медицинасы орталығы және ТЖД дәрігерлері мен психологтары қажетті көмек пен қолдау көрсетті.