Оқиға • Кеше

Самара – Шымкент тасжолындағы апаттан екі адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Самара – Шымкент тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Самара – Шымкент тасжолындағы апаттан екі адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға 19 желтоқсан күні сағат 10:05 шамасында аталған жолдың 270-шақырымында болған. БҚО Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, «ВАЗ-2112» көлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан ол қарсы келе жатқан «Volkswagen Passat» көлігімен қатты соқтығысқан.

Соққының күшті болғаны соншалық, «ВАЗ» жүргізушісі мен «Volkswagen» жолаушысы жедел жәрдем жеткенше жан тәсілім етті. Сонымен қатар «Volkswagen» көлігінде болған тағы үш адам (жүргізуші мен екі жолаушы) ауыр жарақаттармен ауруханаға жөнелтілді.

Қазір полиция қызметкерлері апаттың толық мән-жайын зерттеп, тиісті сараптамаларды тағайындады.

Соңғы жаңалықтар