Фото: istockphoto.com
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, Еуразиялық экономикалық комиссиядан ЕАЭО елдерінде отандық өндірушілердің жалған шай өнімдері сатылып жатқаны туралы ақпарат түскен. Осыған байланысты Қазақстан аумағында бақылау мақсатында сынамалар алынып, зертханалық сараптама жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде бірнеше үлгіден тағамдық өнімдерде қолдануға рұқсат етілмейтін мынадай бояғыштар табылды:
- «Күн батар түстес» сары бояғыш (Е110);
- Тартразин (Е102);
- Понсо 4R (Е124).
Сонымен қатар өнім сыртында көрсетілген өндіріс және буып-түю мекенжайларының шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Комитет мамандарының айтуынша, бұл кәсіпорындардың қызметін жүзеге асыруға қажетті рұқсат құжаттарының жоқтығын білдіреді.

Сатуға тыйым салынған шай атауларының тізімі:
-
«Апамның шайы Premium gold», «Орда Кения», «Аль-Қайрат шәйі Premium gold» – дайындаушы және буып-түюші: «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы;
-
«Al-Hayat Golg» – өндіруші: «Empire KENIY E.P.Z. Limited», Алматы облысы;
-
«Балқия Premium gold» – буып-түюші: «Аль-Хадия» ЖК (Алматы);
-
«Sultan Suleyman», «Pakistan tea» – өндіруші: «Real Trade Astana» ЖШС (Астана);
-
«Aje Onim» – өндіруші: «Кальций» ЖШС тапсырысымен «Орда Чай» ЖК (Алматы);
-
«Al-Jannat Premium» – өндіруші: «Ferdaus» ЖК (Алматы);
-
«Alfarah» – қаптамасында өндіруші туралы мәлімет көрсетілмеген.