Төтенше жағдай • 07 Қаңтар, 2026

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

Ресми мәліметке сәйкес, сарбаз Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы, Тараз қаласынан әскерге шақырылған. Қызмет барысында ол бірнеше рет медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлердің бақылауында болған және қаладағы емдеу мекемелерінде тексеруден өткен.

6 қаңтар күні әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтаған. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханалардың бірінде көз жұмды. Алдын ала диагноз жедел лейкоз деп көрсетілді.

Аталған факті бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауына алынды.

сарбаз

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында әскери қызметші Дінмұхамедтің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді. Ол әскерге өзінің егіз бауырынан кейін барған. Алғашында олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін олардың бірі басқа бөлімге ауыстырылған. Осы жылдың 17 қыркүйегінде отбасы Дінмұхамедтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар алған. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз өз-өзіне қол жұмсады деген болжам айтылған. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқамен келіспейтінін мәлімдеді. Кейінірек Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Боранбаев 19 жастағы Дінмұхамедтің өліміне қатысты түсініктеме беріп, егіз бауырлар бірге қызмет етпегенін, олардың әр уақытта және әртүрлі елді мекендерден әскерге шақырылғанын айтты.

Қаперге алайық, Мемелекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында «Сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуы өркениетті елге жат үрдіс» деп айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар