• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2026

Астана – Балқаш бағытында әуе рейсі қайта ашылады

10 рет
көрсетілді

2026 жылдың 1 маусымынан бастап Астана мен Балқаш қалалары арасында тұрақты әуе рейсі қайта іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жаңа рейсті орындаушы ретінде «Qazaq Air» АҚ анықталған. Билеттердің бағасы шамамен 16 000 теңге деңгейінде болады және тіркелген жолаушылар тасымалы осы маусым айынан бастап жүзеге асады.

Балқаш әуежайында кешенді жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақындап келеді, бұл өңірдің әуе қатынасын дамытуға, туристік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Алматыдан Балқашқа бағыт ашу үшін де конкурс өткізу жоспарда бар.

Әуе рейсінің қайта ашылуы өңірге жолаушылар ағымын арттырып, кәсіпкерлік пен туризм саласының дамуына оң ықпал ететіні күтілуде.

Айта кетейік, елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар