• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Кеше

Silk Way Star жобасының финалы Қытай телеарнасында көрсетілді

20 рет
көрсетілді

Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының гранд-финалы 30 қаңтар күні Қытайдың Орталық телеарнасы құрылымына кіретін CCTV-15 музыкалық телеарнасынан көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz Президент Іс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Silk Way Star гранд-финалының Қытайдың ең ірі медиахолдингтерінің бірінде көрсетілуі Қазақстанның телевизия индустриясы үшін маңызды оқиға болды. 1,1 миллиардтан астам әлеуетті аудиториясы бар платформадағы көрсетілім ауқымы жағынан сенсациялық сипатқа ие болып, елдер арасындағы гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам саналады.

Қытайлық көрермен Қазақстан, Моңғолия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан келген орындаушыларды біріктірген ауқымды халықаралық жобаның ақтық сынындағы ерекше шоуға куә болды.

Silk Way Star – Азиядағы осындай форматтағы алғашқы халықаралық вокалдық байқау. Жоба әртүрлі музыкалық дәстүрлерді, тілдерді және орындаушылық мектептерді тоғыстырған бірегей мәдени платформаға айналды. Байқау жоғары деңгейдегі продакшнды, жанды дауысты, ауқымды қойылымдарды және заманауи телевизиялық өндірісті көрсетті.

Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиабрендін қалыптастырып келеді

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені басшысы Раушан Қажыбаева 2025 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуінде 12 елдің қатысуымен халықаралық музыкалық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ медиахолдинг директоры мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге жоба идеясының авторы ретінде қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Гранд-финалдың CCTV-15 арнасында көрсетілуі жобаның жоғары халықаралық мәртебесін және оның Қазақстаннан тыс жерлерде де сұранысқа ие екенін дәлелдейді. Бұл жай ғана телеарналық көрсетілім емес, қазақстандық медиа контенттің әлеуетін жаһандық деңгейде танытатын стратегиялық мәдени көпір.

2025 жылы байқаудың жеңімпазы Моңғолиядан келген Мишель Джозеф атанды. Silk Way Star жобасының келесі маусымы Қытайда өтеді. Осылайша жоба географиялық тұрғыда кеңейіп, халықаралық серіктестіктің нығаюын символдық түрде жалғастырады.

«Silk way star»: Жұлдызы жанған Мишель

Соңғы жаңалықтар