Бұрнағы күні облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа соңғы уақытта қызу талқыға түсіп жатқан жер мәселесіне қатысты пікірлерін білдірген қоғам белсенділері, саяси партиялардың облыстық филиал жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер мен жастар ұйымдарының басшылары, Ассамблея мен азаматтық альянс мүшелері қатысты.
– Бұл кездесудің мақсаты – қалыптасқан жағдайды бірлесе отырып талқылау, пікірлер мен ұсыныстарды жинақтап, республикалық кеңеске ұсыну. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешудің нақты жолын айқындап берді. Ендігі жұмыс – осындай кездесулер, республикалық комиссияның мүмкіндіктері арқылы Жер кодексіндегі дау туғызып отырған баптарды жан-жақты талқылап, келісімге келу. Әркімнің саяси көзқарасы әртүрлі болғанымен, жер мәселесі бізді екіге бөлмеуі керек, керісінше біріктіре түсуі тиіс, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Басқосуда жер туралы заңнаманың талаптары мен мораторий жарияланған баптары жайлы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлама жасады. Ал, Ә.Мәмбетәлиев жердің тұздануын, сапасын бақылаудың нәтижелері туралы, С.Аңсатов кезінде таратылған жер үлестері туралы сауал қойды. «Қолдарында құжаттары бар тұрғындар ол жердің қайда екенінен де хабары жоқ. Жер үлесін алғандар ол кезде жерді пайдалануға мүмкіндігі болмағандықтан шаруашылықтарға бірікті. Енді сол жерді сатып алу мен жалға алудың тетіктері қандай? Жалға беріп қойған адамдар өзі пайдаланғысы келсе қалай әрекет етпек? Бұл тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек», деді ол. Облыстық мәслихат депутаты Ш.Әбдікәрімов жер үлесін пайдалануға орай түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізудің маңызына тоқталды. Бұл мәселені нақтылап беру үшін мамандарға ұсыныс беріледі. «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Камалов жер консорциумын құрып, жер алуға ынталы азаматтар сол консорциумға ақша құйса, мемлекет сақтандырса деген ұсынысын жеткізді. Бұл кезде жердің нарықтық айналымы да реттеледі, инвесторлар да келеді. Аталған сұрақ комиссия қарауына ұсынылатын болады. С.Теңізбаев жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлаушыларымен кездесіп, ой-пікірлерін жинақтау керектігін айтты. Облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов депутаттардың халықпен кездесулері мен қоғамдық қабылдаулар кестеге сай жүргізіліп жатқанын баяндады. Мәслихатта да біршама ұсыныстар жинақталған. Әзірге заңға мораторий жарияланды, өзгерістерге қатысты халықтың пікірі әрқилы. Жер мәселесі тек биліктің көзқарасымен шешілмейді. Қазақ тарихына қарасақ, қандай да болмасын күрделі мәселені мәмілеге келу арқылы шешкен. Мемлекеттік комиссия осы мақсатпен құрылып отыр.
Басқосуда еңбек ардагері С.Аңсатов, Қазақстан коммунистік халық партиясы» облыстық комитетінің жетекшісі Т.Телеубаев, Қазақстан жазушылар конгресінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Н.Жәлиев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, тағы басқа азаматтар өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА,
журналист
ҚЫЗЫЛОРДА

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше