Атағы Саха еліне кеңінен танылған қазақ қызы Яна Байғожаеваны екінің бірі біле бермес. Ол – Якутияның кино әлеміне өзіндік қолтаңбасын қалдырған танымал продюсер, ақын, журналист және қоғам қайраткері.
Яна Алматы облысы, Қапшағай қаласында 1977 жылы туған екен. Оның балалық шағы Саха Республикасының Бейдинге ауылында өткен. Жастайынан қара сөздің қадірін ұғып, айтар сөзін жырмен жеткізе білген ақынның 1995 жылы алғашқы жыр жинағы, ал 2003 жылы «Менің өткенімнің ұзақ жаңғырығы» деген атаумен тағы бір кітабы басылып шыққан.
Бүгінгі таңда қандасымыз саха және орыс тілдерінде еркін жазатын ақын. Ол – Ресейдің жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, түрлі жас жазушылар байқауының жеңімпазы.
Таяуда Яна Ерболатқызының «Муммуттар» («Адасқандар») атты көркем фильмінің премьерасы Қазақстандағы барлық кинотеатрларда болып өтті. Оның продюсерлігімен түсірілген кинотуынды өмірден алынған оқиға желісінен өрбіген. Екі жігіттің тайга орманында адасып, тірі қалу жолындағы тіршілігі суреттелген. Шынайылығы басым. Ит тұмсығы батпайтын орманның ирелең жолынан өздері адасқан із кесушілер жігіттерді ақырында «өлдіге» санайды. Алайда, араға ай салып барып екеуі елге жетеді...
Міне, осындай шым-шытырыққа толы фильм әп-сәтте Янаның атағын алты қырдан асырып, танымал етті. Бұл туынды халықаралық кино байқауында қазылардың көңілінен шығып, жүлдегер атанды.
Бүгінде Саха елінің саңлағы атанған қазақтың аруын көпшілігіміз біле бермейміз. Сондықтан да, алыстағы ағайынды сіздерге таныстыру, жетістігін алқалап жеткізу – негізгі мақсатымыз. Олай болса, кіндік қаны Қапшағайда тамған қыздарыңыздың тілекшісі болыңыздар!
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36