Бұған дейін де осындай шаралар енгізілген болатын, алайда ол кезде тыйым мерзімі қысқа болған. Қазіргі қадам ішкі нарықтағы өндірісті күшейтіп, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4,5 млрд дана жұмыртқа өндіріліп, бұл көрсеткіш бір жылда 2,4%-ға артқан. Ал импорт көлемі іс жүзінде өзгеріссіз қалып, 89,7 млн дана шамасында болды. Негізгі жеткізушілер – Ресей, Қырғызстан және Беларусь.
Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін
Сонымен қатар, инкубациялық жұмыртқа импорты айтарлықтай өсіп, 29,7%-ға көбейіп, 104,6 млн данаға жеткен. Бұл өнім көбіне Түркия, Ресей және Өзбекстаннан жеткізілген.
Ал экспорт көлемі керісінше төмендеп, 10,3 млн данаға дейін қысқарған. Жұмыртқа негізінен Ауғанстан мен Қырғызстанға жөнелтілген.
2026 жылдың алғашқы екі айында саладағы өсім жалғасын тапты. Өндіріс 716,1 млн данаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға артқан. Импорт үш есеге жуық қысқарып, 10,4 млн дана болды. Бұл кезеңде барлық жеткізілім Ресейден келген.
Инкубациялық жұмыртқа импорты да 7,5%-ға төмендеді. Ал экспорт, керісінше, 39,3%-ға өсіп, 2,7 млн данаға жетті. Негізгі бағыт – Қырғызстан.
Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?
Жалпы алғанда, елдегі жұмыртқа нарығында ішкі өндіріс қарқынды дамып, импортқа тәуелділік азайып келеді. Сарапшылардың пікірінше, енгізілген уақытша шектеу отандық өндірушілердің нарықтағы үлесін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.