ПАВЛОДАР. 25 мамыр. Павлодарда жергілікті бюджеттен тұрғын үй мен жатахана құрылысына 2,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Осыған орай облыс әкімдігі мен «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» акционерлік қоғамы арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде өзара тиімді әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды.
Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат пен кәсіпорынның директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Әмірханов қол қойған құжат өңірдің дамуына, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» акционерлік қоғамы кәсіпорынының жұмысшыларына қажетті тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталады. «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» облыс орталығында жалпы ауданы 9 692 шаршы метрді құрайтын көп қабатты тұрғын үй, студенттерге арналған 200 орындық жатақхананың құрылысын қаржыландырады. Облыс әкімдігі өз тарапынан жер учаскесін бөлу, құжаттарды рәсімдеу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тартуға қолдау көрсетеді. Компания облыс орталығындағы «Энергетик» профилакторийін, «Электроник» балалар сауықтыру лагерінің қызметіне қолдау көрсетуде.
Айта кетейік, аталған компания еліміздегі «Каустик», «Қазақстанның ЭксимБанкі», «Астана-Инвест» инвестициялар үйі» секілді бірнеше акционерлік қоғамдарының акцияларына ие.
Фарида Бықай
Дерек: egemen.kz.
Фото: Валерий Бугаев.
• 25 Мамыр, 2016
Павлодарда тұрғын үй құрылысына 2,2 млрд. теңге бөлінді

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16