Қоғам • Бүгін, 16:33

Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекетке Алматы метросын салу және жабдықтауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 127 млн теңге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Кассациялық тәртіппен сот актісінің заңдылығын тексеру барысында жымқырылған қаражаттың 127 млн теңге сомасы басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталды. Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, көрсетілген қаражат мемлекет кірісіне өндірілді.

Іс Алматыдағы «Сарыарқа» және «Достық» метро станцияларын салу кезінде қаражат жымқыруға байланысты. 2024 жылдың маусымында Алмалы аудандық соты 10 айыпталушыға – «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ және «Автоматизация және Технологиялар Сервис» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарған еді.

Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Бас көлік прокуратурасының дерегінше, 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейін схемаға қатысушылар қаражатты жалған фирмалар арқылы шығарып отырған. Жалпы келтірілген шығын 5 млрд теңге деп бағаланған.

Негізгі айыпталушылар 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот 1 млрд теңгеден астам сомадағы тыйым салынған мүлікті тәркілеуді және келтірілген шығынды ортақ тәртіпте өндіруді міндеттеген.

Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды

«Сарыарқа» метро станциясы 2022 жылдың мамырында «Достық» станциясымен бірге ашылған. Кейін «Достық» станциясы «Бауыржан Момышұлы» деп қайта аталды.

Соңғы жаңалықтар