Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ қызының болмысын, бейнесін, адамгершілік, рухани құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Бүгінгі қазақ қызы. Сіз қандайсыз?» тақырыбында Оn-line республикалық cеминар-пікірталас өтті.
– Жер бетіндегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірер еңбегі орасан зор. Ендеше, ұрпақ тәрбиесі, соның ішінде қыз бала тәрбиесі – ұлттың тағдыры. Өз ұрпағына дұрыс жол көрсете алған ұлт қана өз тағдырын өзі ойдағыдай қамдай алмақ, – дейді бұл жөнінде аталмыш институттың жалпы педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі К.Бұзаубақова.
Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз ауылының барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл елге сіңірген. Сондықтан қыз тәрбиелі болса, келін өнегелі болары анық.
– Бүгінгі қыз бала тәрбиесі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, ұлттың намысы, абыройы қыз баланың тәрбиесіне келіп тіреледі, – дейді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті педагогика және психология факультетінің деканы, профессор С.Жиенбаева. – Қазіргі қазақ қызы туралы сөз қозғағанда, қазақ халқы қыз баладан не күтеді? Қандай мақсат қояды? Ата-бабамыз қыздарын қалай ардақтаған? Халқымыздың қыз балалар тәрбиесінің алдына қойған мақсаты – ұлттың арын сақтайтын арулар тәрбиелеп өсіру. Демек, «қызға қырық үйден тыю» деген мақалды ұстана отырып, бойжеткеннің тәрбиесіндегі талапқа, бүкіл қоғам болып атсалысуымыз қажет.
Иә, шынында қыз баланың әдептен озбай, инабатты болғаны жақсы. Ата-бабаларымыз қызды жақсы көрудің, қадірлеудің ғасырлар бойы қалыптасып қалған өзіндік менталитетін сақтап, «мың өліп, мың тірілсе» де игі дәстүрден айнымай, келер ұрпаққа соны аманаттаумен келген.
– Қыздың болашақ рөліне қарай, «қыз – болашақ жар», «қыз – ауыл ажары», «қыз – үйге құт», «қыздың жолы жіңішке», «қыз – жат жұрттық», «қыз – қылығымен сүйкімді», «қызы бардың назы бар» деген сияқты әлеуметтік мәселелермен ұштастырып отырған. Мұның өзі қыз баланы әр кезде адал жар, абзал ана, әлеуетті әже болып қалыптасуына себін тигізері даусыз, – дейді еңбек ардагері, ардақты ана К.Қойкенқызы.
Семинарда «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары, педагогика магистрі С.Бөпетаева, Ж.Күмісбекова, сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жалпы педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Ж.Жүсіпова және басқа да ұстаздар, студенттер өз ойларын ортаға салды.
Сейсекүл КӨШІМБЕТОВА,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
ТАРАЗ

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16