«Нұр Отан» ХДП Қостанай қалалық филиалының мүшелері шаһардағы ірі кәсіпорындарды аралады. Алдымен «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамына келгенде, осы кәсіпорынның 400 жұмысшысы мәшине құрастыратын атшаптырым цехқа қойылған экран арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап отырған еді. Нұротандықтар да отыра қалып, Елбасы Жолдауын зауыт жұмысшыларымен бірге көріп, тамашалады. Жолдау аяқталған соң «Нұр Отан» ХДП Қостанай қалалық филиалының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Римма БЕКТҰРҒАНОВАНЫ әңгімеге тартқан едік:
– Римма Шыңғысқызы, Жолдаудан алған әсеріңіз қандай?
– Мен және менің әріптестерім де үлкен әсер құшағындамыз. Президент Жолдауын цех жұмысшыларымен бірге көріп, тыңдадық. Жұмысшылардың экранға аса зейінмен қарағаны көңілді толтыра түскендей. Міне, аса ірі «АгромашХолдинг» зауыты жұмыс істеп тұр. Қаншама адам осы цехтан табыс тауып, отбасыларын асырап отыр. Соңғы кезде зауыт кореялық мәшинелер құрастыра бастады. Осындай ірі жобаның жүзеге асуы әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер және дана экономист Президентіміздің арқасы екенін ешкім жоққа шығара алмайды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де маған жоғары көңіл-күйде сияқты көрінді. Негізі Нұрсұлтан Әбішұлының шешендігіне еш дау жоқ. Жолдаудағы әр сөзі оптимизмге толы, тыңдаушының да рухын көтеріп тастады. Ол кісінің сөзінде босқа ұрандату жоқ, жеткен жетістіктерімізбен қатар, кемшіліктерді де бүкпесіз айтты. Әр қазақстандықтың көзін шындыққа жеткізгендей, нақты өмірдің көрінісін берді. Алдағы күндерге адастырмай бағыттайтын Жолдау бізге осындай шынайылығымен қымбат дер едім.
– Жолдауда айтылған қандай мәселелер көбірек ұнады?
– Президент алдымен халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөледі. Ал бұл – экономиканы дамытқанда ғана мүмкін болатын жағдай. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы бизнесті, шағын және орта бизнесті дамытуға тағы да назар аударды. Ал осы Жолдауда білім беру ісінің мәселелері елімізде көкейкесті екені байқалды. Елбасы мемлекеттің өркениетті елдер қатарынан көрінуіне бірден-бір тірек болатын саладағы кемшіліктерді де жасырмады. Мысалы, осы кезге дейін ешқандай ғылыми конференцияларда, басқосуларда ешқандай ғылыми баяндама жасап көрмеген кісілерді сұрастыра келсең ғылым кандидаты немесе дардай ғылым доктор екенін білесің. Ғылымдағы көзбояушылық еліміздің ертеңі үшін қауіпті нәрсе. Диссертациялық кеңестің жабылатынын мен де қолдаймын. Президент дұрыс айтты.
– Жолдауда айтылған мәселелерді уақтылы жүзеге асыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Негізі, Президент жолдауларында айтылған жайлар Тәуелсіз мемлекетімізді жарқын істерге бағыттау болып табылады дедім ғой. Ал бұдан бұрынғы жолдауларындағы қадау-қадау мәселелер біртіндеп өмірлік шындыққа айналып келеді. Мысалы, экономиканы үдемелі инновациялық-инвестициялық дамыту бағдарламасы, тағы басқа мысалдар жеткілікті емес пе? Білім беру саласында да соны істер қолға алынып жатыр. Жүйені пысықтау жөнінде осы Жолдауда айтылғандардың барлығы да болашақта нақты шешімін табады деп білемін.
Менің айтарым, Президент біреу, біз көппіз. Елбасы бағыттады ма, оны жүзеге асыру үшін барлығымыз да жұдырықтай жұмылуымыз керек. Нұрсұлтан Назарбаев осының барлығын да Қазақстан халқының игілігі үшін жасап жатса, біз сол Қазақстанның патриоты болуымыз керек. Ниет дұрыс болуы керек. Таудай істер тамаша басталып, соңы қалып қоймаса екен. Президент айтқан көптеген мәселелер ұзақ мерзімге есептелген. Ал оның нәтижесін 2020 жылы Президентімізбен бірге көруге жазсын деңіз.
Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
Қостанай.
--------------------------------
Суретте: «АгромашХолдинг» АҚ жұмысшылары мен саяси партия өкілдері Жолдауды бірігіп көрді.
Суретті түсірген В.ВЕДЕНКО.

Президент: Елімізді ешкім сырттан келіп көркейтіп бермейді
Президент • Бүгін, 13:42
Қасым-Жомарт Тоқаев: Даму көшінің бағытын нақты айқындауымыз керек
Президент • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы: Конституцияға өзгеріс енгізу керек болса, тек референдум арқылы жасауға болады
Президент • Бүгін, 13:21
Волонтерлерге арналған жаңа платформалар құрылады
Волонтер • Бүгін, 13:20
Президент Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша жаңа құжат әзірлеуді тапсырды
Президент • Бүгін, 13:11
Тоқаев: Ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін
Президент • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін волонтерлік қызметке қолдау көрсетуге шақырды
Президент • Бүгін, 13:03
Президент волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді
Президент • Бүгін, 12:56
Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті
Волонтер • Бүгін, 12:54
Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады
Президент • Бүгін, 12:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 12:44
Киев пен Мәскеу ішінара атысты тоқтату туралы келісімге келді
Әлем • Бүгін, 12:43
«Үшарал – Достық» жолы жабылды: Қозғалыс қашан жанданады?
Оқиға • Бүгін, 12:30
40 млрд теңге инвестиция: «Nobel» компаниясымен ірі келісімге қол қойылды
Медицина • Бүгін, 12:14
«Алтыналмас» компаниясы Қызылордада 20 млрд теңгеге заманауи кітапхана салады
Кітапхана • Бүгін, 12:14