Палата басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті отырысы болды. Сенат Төрағасының ұсынуын қарай келіп, жоғарғы палатаның депутаттары Нұрлан Нұржановты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі етіп тағайындады.
Сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады. Хаттама дәрілік заттардың ортақ нарығына Армения Республикасының қатысуын, дәрілік заттар айналымын реттеудің бірыңғай қағидалары мен талаптарын қабылдауды, мүше мемлекеттер аумағында дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына қойылатын міндетті талаптардың біркелкі болуы мен олардың сақталуын қамтамасыз етуді, мүше мемлекеттердің дәрілік заттар айналысы аясында бақылау саласындағы заңнамасын үйлестіруді, дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесін құруға арналған бірыңғай тәсілдерді жетілдіруді көздейді.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама да ратификацияланды. Құжат Армения Республикасының медициналық бұйымдардың жалпы нарығына қатысуын, медициналық бұйымдардың айналымын реттеудің бірыңғай қағидалары мен талаптарын қабылдауды, мүше мемлекеттер аумағында медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына қойылатын міндетті талаптардың біркелкі болуы мен олардың сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, мүше мемлекеттердің медициналық бұйымдар айналысы аясында бақылау саласындағы заңнамасын үйлестіруді көздейді.
Сенаторлар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялады. 2015 жылғы 16 қазанда Бурабайда қол қойылған Келісімде бірлескен жедел-тергеу топтарының негізгі міндеттері, оларды құрудың тәртібі, оларға ұлттық жедел-тергеу топтарының қосылу және шығу рәсімдері, сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында процестік әрекеттерді немесе жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған.
Екі оқылымда егжей-тегжейлі қаралғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң қабылданды. Құжат Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» №248 Жарлығын орындау үшін әзірленді. Заңның негізгі мақсаты Жер кодексінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер беру (жалға алу) мәселелерін реттейтін жекелеген ережелердің қолданысын 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтата тұру болып табылады. Сондай-ақ, 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қолданысқа енгізу 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұратын болады.
Отырыс барысында сенатор Қуаныш Айтаханов еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ауқымды шаралар қабылдау және жеке тұрғын үй құрылысын салуды дамытуды ынталандыру қажеттігі туралы; Серік Ақылбай Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының қызметін қамтамасыз ету туралы; Жабал Ерғалиев әскери тәртіп және құқық тәртібін нығайту туралы; Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы мектеп құрылысын салу қажеттігі туралы; Манап Көбенов денсаулық сақтау нысандарына міндетті кепілді кәсіби жауаптылық жүйесін енгізу туралы депутаттық сауалдарын жария етті.
Ғабит ІСКЕНДеРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37