Фото: sport-express.ru[/caption]
Бүгін Тулуза қаласында футболдан Еуропа чемпионатының тағы бір кездесуі өтті. Финалдың 8/1 бөлігінде Бельгия Мажарстан құрамасының қақпасына төрт доп соғып, ширек финалға шықты. Кездесу 4:0 есебімен аяқталды.
Енді «Қызыл перілер» финалдың 4/1 бөлігінде Португалиямен кездеседі. Бұл ойын 30 маусымда Марсель қаласында болады. Ал Мажарстанмен ойында бельгиялықтар қиналмай жеңіске жетті. Олар мажар елінің құрамасын ту-талақай шығарып, соңғы үш голды ойынның бітуіне 12 минут қалғанда соқты. Сөйтіп, бүкіл күшін топтық турнирге жұмсаған Бернд Шторктың командасы Бельгияға келгенде дәрменсіздік танытып, Еуро додасымен қош айтысты.
Мажарлар 1964 жылы Испанияда өткен чемпионатта қола жүлдегер атанған болатын. Одан кейін 1972 жылы Бельгияда өткен додада жартылай финалға шығып, КСРО құрамасынан 0:1 есебімен, үшінші орын үшін ойында алаң иелерінен 1:2 есебімен жеңілген.
Венгрия – Бельгия – 0:4 (0:1)
Голдар: Алдервейрельд 10’ – 0:1, Бачуайи 78’ – 0:2, Азар 80’ – 0:3, Карраско 90’ – 0:4
Мажарстан: Кирай, Кадар, Юхас (Бёде 79’), Гузмич, Ланг, Гера (Элек 46’), Надь, Ловренчич, Пинтер (Николич 75’), Джуджак, Сцалай.
Бельгия: Куртуа, Менье, Алдервейрельд, Вермален, Вертонген, Наингголан, Витсель, Мертенс (Карраско 70’), Де Брёйне, Азар (Феллайни 81’), Лукаку (Бачуайи 76’)
Ескерту: Кадар 35’, Ланг 47’, Элек 61’, Сцалай 90’ — Вермален 68’, Бачуайи 90’, Феллайни 90’
Төреші: Мажич Милорад.
26 маусым. «Тулуза стадионы» (Тулуза).
Дастан КЕНЖАЛИН
• 27 Маусым, 2016
Футбол. «Еуро-2016». Мажарстан чемпионатпен қош айтысты

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53