28 Маусым, 2016

Йеменде лаңкестік әрекеттен 42 адам қаза тапты

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_48955" align="aligncenter" width="700"]160628-yemen Фото: 24.kz[/caption] Йеменнің оңтүстігіндегі Эль-Мукалла қаласында лаңкестердің шабуылынан қаза тапқандар саны 42 адамға жетті. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Ирак пен Левант содырлары экстремистік әрекетті өз мойындарына алған. Ал осыған дейін 38 адамның опат болып, 24 тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғаны хабарланған. Reuters агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, бұл істі 8 жанкешті ұйымдастырған. Беліне байланған жарылғыш заттарын көпшілік ортасында іске қосып жарып жіберген. Жергілікті билік өкілдері қаланың төрт ауданына бес рет шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Аян ӘБДУӘЛИ.