Өткен сенбіде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкіметте кезекті селекторлық кеңес болып өтті. Онда ел тұрғындарын еңбекпен қамтудың алдағы уақыттағы кешенді шаралары қаралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА баяндама жасады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамту жөнінен қағидатты түрде жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырамын» деп атап көрсеткен болатын. Баяндамашы өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойған осы міндеттерді атап көрсете келіп, министрліктің республикамыздың халқын еңбекпен қамтудың 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын Үкімет мүшелерінің талқылауына ұсынды.
Министрдің айтуы бойынша, талқылауға ұсынылып отырған жаңа бағдарламаның басты үш мақсаты бар. Олар біріншіден, халқымыздың өмір сүру табысын көбейту, екіншіден, елімізде қабылданған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іс жүзіне асыратын білікті кадрларды даярлау, үшіншіден, әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру болып табылады. Үстіміздегі жылы қанатқақты жоба ретінде бағдарламаның бірінші кезеңі іс жүзіне асырылмақ. Елбасының Жолдауына байланысты жүзеге асырылатын тұрғындарды еңбекпен қамтудың толыққанды бағдарламасы 2012 жылдан бастап өмірге енгізіле бастайды. «Біз халықты еңбекпен қамтуды толыққанды жүзеге асыруға арналған осы бағдарлама шеңберінде 2015 жылға дейін 1,5 миллион халықты тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Елбасының Жолдауында ерекше маңыз берілген бұл бағдарламаны жүзеге асыру барысында біз таяу болашақта республикамыздағы кедейшілік деңгейін 7 пайызға, жұмыссыздық деңгейін 5,5 пайызға төмендетуді көздеп отырмыз», деді өз сөзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова.
Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов сөз алып, халқымызды 2020 жылға дейінгі еңбекпен қамту мәселесі 8 ақпанда өтетін Үкіметтегі кезекті селекторлық кеңесте жан-жақты талқыланатындығын хабарлады. Сонымен бірге осы Үкімет отырысында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласының проблемалары да талқыланатын болады. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, алдағы Үкімет отырысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерге байланысты, әсіресе, тұрғындарды жұмыспен қамтудың алдағы 10 жыл мерзімге арналған кешенді бағдарламасы белгіленбекші.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

Елімізде ұшқышсыз ұшу аппараттарының мамандары даярланады
Технология • Бүгін, 17:20
Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирден бас тартты
Теннис • Бүгін, 17:13
Шавкат Рахмонов операция жасатты: Спортшы UFC-ге қашан оралады?
Қоғам • Бүгін, 16:59
Оңтүстік Кореяда зауыт өртенді: Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы бар
Оқиға • Бүгін, 16:33
Елордада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:13
ММА: Артем Резников Юсуп Зубариевпен күш сынасады
Бокс • Бүгін, 15:50
Астанадағы Майбалық көлінде екі балықшы құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 15:32
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» биылғы маусымда қанша табыс тапты?
Футбол • Бүгін, 15:09
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Ла-Нунсиядағы турнирге қатысады
Бокс • Бүгін, 14:22
Атырау облысында бір жылда 974 адам жоғалып кеткен
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Абай облысындағы түзеу мекемесінде сотталған азамат көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:52
Гауһар Қуатқызы: Конституциялық сот рөлінің артуы құқық үстемдігін нығайтады
Ата заң • Бүгін, 13:05
Жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан азамат жазаланды
Қоғам • Бүгін, 12:45
Жанар Аманжанқызы: Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа парадигма
Ата заң • Бүгін, 11:38