Жаңа зертхананың басты ерекшелігі – FPV-дрондармен жұмыс істеудің толық циклын қамтуы. Мұнда 3D-принтерлерді пайдалана отырып бөлшектерді жобалау және дайындаудан бастап, дрондарды құрастыру, техникалық баптау және сынақтан өткізуге дейінгі барлық кезеңдер жүзеге асырылады.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, бұл тәсіл тыңдаушыларға тек пилоттау дағдыларын меңгеріп қана қоймай, FPV-дрондардың құрылымын, жұмыс істеу қағидаттарын және пайдалану ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
«Құрылған полигон операторларды практикалық тұрғыда даярлауға арналған. Онда ұшқышсыз аппараттарды басқару дағдылары, маневр жасау және шынайы жедел оқиғаларға барынша жақындатылған ортада оқу тапсырмаларын орындау пысықталады», делінген хабарламада.
Материалдық-техникалық базамен қатар ІІМ Басқару академиясында ҰҰА операторларын даярлаудың мамандандырылған курстар жүйесі енгізілді. Атап айтқанда, Ashyq Aspan Foundation қорымен бірлесіп әзірленген оқытудың екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Бұл кезең тереңдетілген практикалық даярлыққа, FPV-дрондармен жұмыс істеуге және күрделі жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Іс-шарада ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша мамандарды даярлау жүйесін одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінде ұшқышсыз технологияларды қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрады