Оқиға • Бүгін, 15:32

Астанадағы Майбалық көлінде екі балықшы құтқарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы Майбалық көлінде құтқарушылар екі балықшыны эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанадағы Майбалық көлінде екі балықшы құтқарылды

ТЖМ мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпанда таңертең Астанада Майбалық көліне балық аулауға шыққан азаматтар көмекке жүгінген. Оқиға орнына іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

«Жүргізілген шаралар барысында құтқарушылар 1983 және 1989 жылы туған екі азаматты эвакуациялады. Олар көліктерін қар құрсауынан өз бетімен шығара алмаған», делінген хабарламада. 

Азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Екібастұзда мұз ойылып, суға кеткен балықшылар құтқарылды

Балықшылар дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыс білдірді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 26 қаңтарда Маңғыстау облысында әйел мен үш бала қар құрсауынан құтқарылған еді. 

Соңғы жаңалықтар