ең үздік өнер иелерін анықтайды
«Биле, Қазақстан!» жобасы талай жұртты мойындатқан, көптеген елдерде өз көрермендерін жинап, таңғалдыра білген музыкалық жоба. «Хабар» арнасы талғамы жоғары көрермен үшін тағы бір тың дүние әзірлеп жатыр. Күзгі маусымда көпшілік назарына «Биле, Қазақстан!» деп аталатын жаңа бағдарлама ұсынылады. Халықаралық жоба шетелдік би жарысының Орталық Азия аумағындағы алғашқы нұсқасы болмақ. Әйгілі «Эндемол» компаниясы би байқауын Қазақстанда ұйымдастыруға келісімін берді. Бұл – «Хабар» агенттігінің бірнеше жыл бойы жүргізген келіссөзінің нәтижесі. Бағдарлама Қытай, Австралия, Ұлыбритания сынды әлемнің 37 елінде көрсетіліп, ең жоғары рейтингтерге ие болған. Ал елімізде өтетін би жарысына 10 жастан асқан кез келген азамат қатыса алады. Басты талап – жеңіске деген ұмтылыс пен өнерге құштарлық», – дейді ұйымдастырушылар.
«Биле, Қазақстан!» жобасына қатысушылардың өнеріне әйгілі бишілер баға береді. Қазылар алқасының құрамына шетелден арнайы маман шақыртылған. Байқауға алыс және жақын мемлекеттерден ынталанған өнер иелері де қатыса алады.
Жоба мақсаты – еліміздің барлық тұрғындарын би билеп, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру. Әлеуметтік жоба би билеу арқылы қазақстандықтарды бірлікке, достыққа шақырады.
Шоудың төлнұсқасы бірінші рет 2005 жылы АҚШ-та «So You Think You Can Dance» деген атаумен көрсетілген. Жоба 10-нан астам «Эмми» жүлдесін алған. Қазақстан бойынша бұл байқауға іріктеу кезеңдері Астанада шілденің 23-і мен 24-і аралығында, ал Алматыда 30-31 шілдеде өтеді. Естеріңізге салайық, «Биле, Қазақстан!» шоуы арнаның эфирінен күзгі телевизиялық маусымның басында көрсетілетін болады. Байқаудың іріктеуі Қазақстанның үш қаласында өтеді: Астанада – 23 және 24 шілде, Алматы – 30 және 31 шілде, сондай-ақ, 6 және 7 тамызда көрермендер дауыс беру арқылы таңдаған үшінші қалада. Іріктеу айналымдарынан кейін 60 қатысушы арнайы жабдықталған үйге шақырылып, онда танымал хореографтардың басшылығымен өнер көрсетуге жаттыға бастайды. Кезеңнің қорытындысы бойынша 20 қатысушы (10 жігіт және 10 қыз) келесі айналымға өте алады. Үшінші кезеңде жиырма қатысушы жұп-жұпқа бөлініп, әр апта сайын көрермендер мен қазыларға түрлі жанрдағы би нөмірлерін (балет, контемпорари, хип-хоп, брейк-данс, джаз, бал билері және басқалары) көрсететін болады. Қазыларды таң қалдыра алмаған қатысушылар жобадан кетеді. Финалдық шығарылымдарда бишілер жеке-жеке 1-орын үшін бәсеке-додаға түспек.
«Биле, Қазақстан!» шоуы арнаның эфирінен күзгі телевизиялық маусымның басында көрсетіледі деп ұйғарылған.
Гүлзейнеп Сәдірқызы,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Ұлттық құрама қақпашысы шетел чемпионатындағы үшінші трофейін жеңіп алды
Футбол • Бүгін, 13:53
Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді
Энергетика • Бүгін, 13:33
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:22
Салтанат Нүкенованың ісі: Байжановтың үкіміне қатысты соңғы шешім жарияланды
Заң • Бүгін, 13:07
ҰБТ-2026: Грантқа түсу мүмкіндігі жоғары мамандықтар аталды
Білім • Бүгін, 13:05
Қан құю процесі енді QR-код арқылы бақыланады
Технология • Бүгін, 13:00
Тәуелсіздік сарайында Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Президент • Бүгін, 12:45
Қазақстан ЕАЭО елдері ішінде мобильді байланыс бағасы ең қымбат ел атанды
Технология • Бүгін, 12:44
Ақтауда полиция көлігі бір жарым жасар баланы қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 12:31
Жасөспірімдер трагедиясы қоғамды ойландырып тұр
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қаһарманды кімдер тасада қалдырды?
Қоғам • Бүгін, 12:25
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды
Оқиға • Бүгін, 12:12
Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:59
«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Түркия Президентімен кездесуінен фото жариялады
Президент • Бүгін, 11:43