Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов жуырда Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Азат Мұхамединнің ерлігін жеке құрамға үлгі етіп, оған марапат көрсетті. Ал Азатқа қандай қиын-қыстау кезде де шапшаң шешім қабылдауды, өзгелерге көмек қолын созуды өмірдің өзі үйретті. Шалғайдағы қазақ ауылында туып-өскен ол күштік құрылымда қызмет етемін деп ойламаған. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында Петропавл педагогикалық институтын бітіріп, тарих пәні мамандығын алғанымен жұмыс таппай қатты қиналған. Содан сиырдың тіліндей дипломды сандыққа салған күйі әлдекімдердің жөн сілтеуімен Ресейдің Екатеринбург қаласынан бір-ақ шыққан. Мұнда айрықша мақсаттағы милиция бөліміне орналасуына бала кезден жүйелі түрде айналысқан спорттың, ұстанған саламатты өмір салтының көп пайдасы тиді. Шетте жүрген төрт жыл ішінде шынығып, шымырланды. Армения, Грузия, Чешенстан секілді «ыстық нүктелерде» болып, тату-тәтті бірлікке ештеңе жетпейтінін ұғынды. Мол тәжірибе жинақтап, елге оралғаннан кейін облыстық ішкі істер басқармасына қызметке тұрды. Біраз жыл «Арлан» арнайы мақсаттағы топқа, «Күзет» мекемесінің кадр бөліміне жетекшілік етті. Темірдей тәртіпті сүйетін, өзгелерден де осы қасиетті талап ететін Азат өзіне жүктелген міндеттерді әрдайым жауапкершілікпен атқарып, подполковник шеніне дейін көтерілді.
Ал мына оқыс оқиғаға ойда-жоқта кезікті. Көлігін автотұраққа қойып, түнгі таза ауамен кеуде кере тыныстап келе жатқанда қырағы көзіне тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатынан будақтай шыққан қою түтін шалынды. «Өрт!» деген сумаңдаған суық ой тұлабойын қарып жібергендей болды. Алға қарай жанұшыра ұмтылып, жолай кездескен адамдарға құтқару қызметіне телефон соғуды айтып үлгерді. Темір есік тарс жабық. Уақыт ұттырмай, пәтерге балкон арқылы кіруге бел байлағанымен, екі метр биіктікке өздігінен көтерілу мүмкін болмады. Тығырыққа тіреліп, не істерін білмей тұрғанда қасынан өте берген бір жасөспірімді көріп, көмекке шақырды. Оның демеуімен балконға ырғып түсіп, ішке енгенде көк түтін арасынан ессіз жатқан адамның сұлбасы көрінді. Оны қауіпсіз жерге шығарып, үйге қайта енді. Ондағы ойы – тағы біреулер қалып қоймады ма деген күдік. Бөлмелерден отқа оранған заттарды далаға шығарып, компьютер сымын токтан айыра бергенде қолқаны қапқан ащы түтіннен басы айналып, әлсірей бастағанын сезді. Әйтеуір балкон арқылы сыртқа шығып үлгерді. Ұрымтал тұста қиыннан қиыстырып жол тауып, қызыл тілі сумаңдаған өртке қарсы ет қызуымен араласып кеткен Азат 50 жастағы өнер иесін ажал тырнағынан арашалап қалғанын білген жоқ. Қас қағым уақыт ішінде әбжіл қимылдамағанда оның арты үлкен өкінішке ұрындырып, опық жегізері әбден ықтимал еді.
Азат – отбасында үлгілі әке, орнықты отағасы. Жан-жары Гүләйім екеуі алтын асықтай екі қыз өсіріп отыр. 47 жастағы азамат қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлігіне кандидат. Талай рет аймақтық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Құрыш болаттай шынығуына, адамгершілік асыл қасиеттердің қалыптасуына десанттар взводы құрамында азаматтық борышын өтеуі зор ықпалын тигізгенін бейбіт күннің батыры жасырмайды. Иә, ерлік уақыт, жас талғамайды. Антқа адал, сертке берік Азаттың бұл әрекеті жастар үшін тәлім-тәрбиелік маңызы зор өнеге болары анық.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спорт • Бүгін, 18:19
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Бүгін, 17:39
Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:19
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Теннис • Бүгін, 16:11
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32