Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Абай Тасболатов Солтүстік Қазақстан облысында кездесулер өткізді. Петропавлда депутат үш көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысында, «Мұнаймаш» зауытында, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтік жатақханаларында болды және «Нұр сәт» балабақшасының дайындық жұмысымен танысты.
«Береке» шағын ауданында жаңа көп пәтерлі үйлерді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақтары бағдарламасы шеңберінде өткен жылы сала бастады, оларды пайдалануға тапсыру осы жылға жоспарланған. Үйді салудың мерзімі өте тығыз, сондықтан мердігерлерге жұмысты тездету керек, деді Абай Тасболатов.
Содан кейін депутат «Мұнаймаш» зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын мұнай кәсіпорны жабдықтарын жобалау, әзірлеу және шығару істеріне маманданған. Сондай-ақ, ұңғымаларға арналған қарнақты сорғылар мен мұнай өндіру үшін қажетті өзге де аспаптар шығарады. Бүгін зауытта 150-ге жуық адам еңбек етуде, орташа еңбекақы мөлшері – 140 мың теңге. Өнімге деген сұраныс үлкен, мұнда тәжірибелі мамандар жұмыс істейтінін «Мұнаймаш» АҚ басқармасының төрағасы Спартак Пушкарев мәлімдеді.
А.Тасболатов кәсіпорынның жұмысына өте жақсы баға берді, Қазақстандағы озық кәсіпорындардың бірі болып табылатынын айтты. Зауыттықтардың жалақысы солтүстікқазақстандық өлшем бойынша жоғары екеніне де назар аударды.
Бұдан басқа, партия фракциясының мүшесі Халықты жұмыспен қамту орталығының қос ғимараттан тұратын 100 пәтерлі жатақханасының тұрғындарымен кездесті. Олармен бөлмелерді алу шарттарын талқылады және басқа да мәселелеріне назар аударды.
А.Тасболатов қыркүйек айында қолдануға берілетін «Нұр сәт» жаңа балабақшасына да барды.
Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады және аймақтың партия белсенділерімен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спорт • Бүгін, 18:19
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Бүгін, 17:39
Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:19
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Теннис • Бүгін, 16:11
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32