Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов Жалағаш ауданына қарасты бірқатар ауылдарды аралады. Алдымен Таң ауылында болған сенаторлар кәсіпкер Имамзада Шағыртаевтың шаруа қожалығының жұмысымен танысып, егін даласындағы еңбегіне жоғары баға берді.
«Таң» ЛТД» ЖШС бас директоры И.Шағыртаев 2003 жылдан бері шаруашылықпен айналысып, ауыл әлеуетінің жақсаруына өлшеусіз үлес қосып келеді. Мысалы, ол биыл ауылдағы мешіт пен балабақшаның күрделі жөндеу жұмысына қолғабыс етіп отыр. Кеңес дәуірінде салынған балабақша ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын келер жылы аяқтау жоспарланса, мешітті биыл пайдалануға беруді жоспарлаған. Қос сенатор сауапты істі қолға алған ауыл кәсіпкерінің бұл бастамасына алғысын білдірді. Ал аудан әкімі Талғат Дүйсебаев жалпы өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мұнан соң М.Бақтиярұлы мен Б.Еламанов Аққұм ауылындағы «Шұғыла» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 1975 жылы бой көтерген ғимараттың құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлінген. Бүгінде күрделі жөндеу жұмыстарының 50 пайызы аяқталды. «СОФТ Қызылорда» ЖШС жөндеу жұмыстарын осы айдың соңына дейін аяқтап, 31 тамыз күні пайдалануға беруді көздеп отыр. Сенаторлар балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарын жоғары бағалады.
Сонымен қатар, сенаторлар облыс орталығында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ұстаздар қауымымен кездесу өткізді. Жүздесу барысында елімізде қабылданып жатқан жаңа заңдар, түйткілді мәселелер турасында кеңінен әңгімеленді.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спорт • Бүгін, 18:19
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Бүгін, 17:39
Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:19
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Теннис • Бүгін, 16:11
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32