ерлік пен елдікті арқау етті
Павлодар облысында 19-20 тамыз күндері Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала елі» этнофестивалі өтті.
Баянауыл ауданы Ескелді шатқалында белгілі ақын, этнограф, тарихшы, фольклортанушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі орналасқан.
– Қасиетімен халқына қорған, өсиетімен ұрпаққа тұғыр болған бабамыздың бұл мекені – жыл он екі айда тағзым етіп келуші жамағаттан үзілген емес. Сондықтан Мәшһүр бабамыздың кесенесі жанында қонақүй кешенін ашу өте қажет болды, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Мәшһүр Жүсіп бабамыздың ұлт тарихында орны биік. Осындай тұлғаларды дәріптеу, насихаттау қажет. Алдағы уақытта, осы мекенді одан әрі дамыту қарастырылып отыр.
«Ескелді» қонақүй кешені 40 адамға арналған бөлмелері бар екі қабатты ғимарат. Мұнда асхана және ұлы ойшылдың мемориалдық мұражайы ашылды. Кешен құрылысына «KAZENERGY» ассоциациясы демеушілік етті. Құрылыс құны 30 млн теңгені құрады. Оның құрылысын «Строймехсервис» ЖШС компаниясы жүргізді.
«Ұлы Дала елі» этнофестивалі аясында облыс орталығында қазақ халқының даңқты батыры Малайсары тарханға ескерткіш қойылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, «Малайсары тархан» қоғамдық қорының президенті Тито Сыздықов, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Ескерткіштің авторы – белгілі мүсінші Болат Құсайынов. Ескерткіш бірнеше сәулет элементінен құралған біртұтас композициядан тұрады. Композицияның бірінші бөлігін – биіктігі 60 см төрт баспалдақ, екінші бөлігін – биіктігі 4,4 метр үш баспалдақты тұғыр, үшінші бөлігін – биіктігі 5 метр мыстан жасалған тұлпардың үстіндегі батырдың тұлғасы құрайды. Ескерткіштің құрылысына тегістелген табиғи гранит пайдаланылған.
Этнофестивальдің негізгі шаралары облыс орталығына іргелес Кенжекөл ауылы маңындағы өзен аңғарында жалғасты. Думанға Ресей Федерациясынан, Қырғыз Республикасынан және Моңғол Халық Республикасынан келген қандас ағайындар мен құрметті қонақтар қатысты.
Этноауылда елуге жуық киіз үй тігіліп, дастарқан жайылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар мұнда қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі де көпшілік көңілінен шықты. Аймақаралық «Кәнеки, сөйле, қызыл тіл» атты ақындар айтысы ұйымдастырылды. Ал «Құлагер» ипподромында өткізілген дүбірлі аламанға Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан қырыққа жуық сәйгүлік қатысты. Бәйгенің бас жүлдесіне жеңіл автокөлік қойылды.
Фестиваль Павлодар қаласының орталық жағажайында өткен гала-концертпен аяқталды. Концертке белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева, танымал әнші Айгүл Қосанова, «Тұран» этно-фольклорлық тобы және «Қоңыр» этнотобы қатысты.
«Егемен-ақпарат»

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спорт • Бүгін, 18:19
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Бүгін, 17:39
Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:19
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Теннис • Бүгін, 16:11
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32