Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиялық ойындардың ізі суымай жатып, бірқатар елдердің спортшылары дүбірлі додада жеңіп алған жүлделерінен айырылып жатыр. Халықаралық допингке қарсы агенттік спортшылардың жүлдесін тыйым салынған медициналық препараттарды қолданғаны үшін тартып алып отыр.
Солардың бірі – Қырғызстанның ауыр атлеті Иззат Артықов Олимпиадада алған қола медалінен айырылды. Халықаралық допингке қарсы агенттіктің Арбитражды соты спортшының қанынан стрихнин дәрісінің табылғанын айтып, оны қола жүлдегер атағына лайықсыз деп таныды. Стрихнин – улы дәрі. Солай бола тұра, адам оны қажетті мөлшерде қабылдаса, оның дене және жүрек бұлшық еттеріне жақсы әсер етеді. Бұл дәрі спортшылар арасында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында кеңінен таралған. Содан кейін ол жан-жануарлар мен жәндіктерге қарсы пестицид ретінде қолданылған. Яғни, улау үшін пайдаланылған. Кеңес Одағы кезінде дәрі егеуқұйрықтарды өлтіру үшін сатылған.
Енді Иззат Артықов аталған агенттіктің Арбитражды сотының шешімімен белгілі бір мерзімге спорттан шеттетілді. Ол Олимпиадада 69 килоға дейінгі салмақта күш сынасып, Қырғызстанға жалқы жүлде жеңіп алған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше