Бұл күндері еліміздің екі басты қаласы Астана мен Алматыда Қытай Халық Республикасынан келген, құрамында 200-ден астам адам бар үлкен делегация аса маңызды миссияға ұйытқы болуда. «Қытайман танысу» деп аталатын ауқымды шаралар Ұлы Жібек жолы бойындағы барыс-келістерді жаңғыртуға бағытталған.
Бір жағынан Алматы қаласының 1000 жылдығына арнайы артынып-тартынып келген көршілеріміз Хэнань, Хубэй, Сычуань провинцияларының сәлемі мен дәстүрін, өнері мен мәдениетінің бөлшегін көтере келді десе де болады.
Апта басында Алматыда осынау үлкен оқиға қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуден басталды. Дүйсенбіге дейін жалғасатын «Қытаймен танысу» бағдарламасы аясында туристік көрмелер, фольклорлық концерттер, кунг-фу шеберлерінің ойындары сәтімен салтанат құруда.
Соның ішіндегі маңызды оқиғаның бірі – Алматыдағы Ұлттық кітапханада ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Баспасөз-кеңсесі, ҚХР Чунцин қаласының Халық үкіметі Баспасөз-кеңсесі, Хенан, Хубэй және Сычуань (ҚХР) аймақтарының өкілдері біріге отырып жүзеге асырған «Даналық. Өмір – Қытайда зияткерлік деңгейде жасалған-2016» көрмесі. Әрі осынау шара аясында «Қытай мәдениеті мен әдебиеті залы» ашылды.
Ауыз толтырып айтуға тұрарлық тұсаукесер барысында Қытай павильонына көршілеріміз 9 мыңға жуық құнды кітаптар мен Қытай мәдениетін әйгілеп тұратын бұйымдар сыйлады.
Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының қолдауымен өткен көрме мұнан былайғы жерде Қытай павильонында тұрақты орын алады.
Ендігі жерде «Қытай мәдениеті мен әдебиеті залы» қазақстандықтарға көрші ел туралы, оның мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін көбірек білуге көмектеседі. Залда тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар, әртүрлі бағыттар бойынша әдебиеттер: анықтамалық-энциклопедиялық басылымдар, сөздіктер, қытай тілін үйренуге арналған оқулықтар, Қытай туралы танысу әдебиеттері қойылды.
Мұнан да бөлек Ұлттық кітапханада «Smart life – Created in China-2016» Қытай Халық Республикасының ғылыми және индустриялық жетістіктерінің кең ауқымды ақпараттық көрмесі өтуде.
«Парасаттылық адамдарды бақытты етеді, адамдарға әлемді жақсы түсінуге көмектеседі және өмірін жақсы жаққа өзгертеді» атты көрменің тақырыбы ЭКСПО-2017 қарсаңында өте өзекті. Бұл көрме көршілеріміздің энергия үнемдеу, «жасыл» энергетика саласындағы және ғылым мен техника инновацияларының қоршаған ортаға зиянсыздығын көрсетуді мақсат тұтады.
Қазақ тарапы ықыласпен қарсы алған шарада ҚКП ОК Насихаттау бөлімі меңгерушісінің орынбасары бастаған ҚХР делегаттары, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Баспасөз-кеңсесі басшысының орынбасары Цуй Юуй Инь, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Сыртқы істер басқармасы басшысының орынбасары Жао Шун Гуо, Чунцин қаласының халық үкіметі Баспасөз-кеңсесінің басшысы Жоу Бо мырзалар сөз сөйлеп, бұл бастамалар екі елдің татулығына қызмет етеді деді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36