Облыста атақты велошабандоз, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Александр Винокуровтың ізбасарлары көбейіп, санымен қатар сапалық құрамы да артып келеді. 1998 жылдан бері 30-дан астам еңбек сіңірген, халықаралық дәрежедегі және Қазақстанның спорт шеберлері тәрбиеленгенін, әртүрлі жастағы ұлттық құрамалар сапында 22 жерлесіміздің өнер көрсетіп жүргенін ескерсек, өңірде велоспорттың дамуына жан-жақты жағдай жасалғанын байқауға болады. Олардың арасында әлем чемпиондары мен ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары Алексей Луценконың, Артем Захаровтың, Бақтияр Қожатаевтың есімдері мақтанышпен аталады. Соңғы екеуі Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға қатысу құрметіне ие болды. Бақтияр «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасының белді мүшесі саналады. Бүгінгі күні велоспорт мектебінде 300-ге жуық өрен жаттығады.
Жастар сарайында өткен жиында «Үздік облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» аталымы бойынша таңдаулылар марапатталды. Бірінші орынға олимпиадалық резервтің велоспортқа мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі лайықты деп танылып, облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аймақ басшысы атынан жеңіл көліктің кілті мен 3 миллион теңгенің сертификатын салтанатты түрде тапсырды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше