19 Қыркүйек, 2016

Балуандар Нұркен турнирінде белдесті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-09-16-kures

Қарағанды қаласында еркін, грек-рим және әйелдер күресі бойынша Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіровті еске түсіруге арналған 49-шы республикалық турнир өтті. Боз кілем үстінде еліміздің барлық өңірінен келген 300-ге тарта спортшы күш сынасты. Балуандар сегіз салмақ бойынша 32 медаль жиынтығын сарапқа салды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және де Қарағанды облыстық еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген балуандарға «ҚР спорт шебері» атағы берілді. Сондай-ақ, олимпиялық емес салмақ түрлері бойынша (грек-рим күресі – 71, 80 кг., еркін күрес – 70 кг.) үздік шыққан шеберлер желтоқсан айында Будапеште өтетін әлем чемпионатында күресуге мүмкіндік беретін  жолдамаға ие болды. Қайрат Әбілдинов 19-09-16-kures-2 19-09-16-kures-1