Қатты аяздың соңы қарлы боранға ұласатын сыңайлы
Күз халыққа жайлы-ақ басталып еді... «Биылғы қыс қаһарын қатты төкпейді-ау» деп болжағанымыз да рас. Алайда, қараша туғанда қар жауды, қалың жауды. Қайтқан құстар қанатын баяу қағып, тас лақтырсаңыз дәл тиетіндей қашықтықта ұшып бара жатқаны да көңілге салқындық себе кетті. Сол тұста топтаса қарқылдаған қарғалар кешегі ызғарды ескертті-ау. Өлараның күндері шым-шым аязбен атып, қытымырлана батқаны да естен шыға қойған жоқ. «Күннің райы қайтер екен?» дескенбіз.
Ай ортасынан ауғанда синоптиктер хабар таратты. «Батыс Сібірдің солтүстік аймақтарында суық антициклон таратылады, соның әсерінен тек солтүстік облыстарда ғана емес, республиканың оңтүстігінде де температураның төмендеуі күтілуде», деді мамандар. «Қазгидромет» өкілдері іле-шала былай мәлімдеді: «Бұрын-соңды болмаған аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты. Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда климаттық нормадан 10-18 градусқа төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда. Арктикалық ауа ағыны салдарынан ең төменгі температура – 30-36 градусқа дейін түсті. Осындай жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, орталық пен шығыста түнгі температура, тіпті төмендеуі, жекелеген аудандарда – 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін».
Мамандар қателеспеген екен, сенбі, жексенбі күндері қаһарына мінген қысты көрдік. Бет қаратпаған аязы күшейіп, айтардай-ақ қысты! Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура – 30-35, кей жерлерде – 40 градус аяз болды, батыста сынап бағанасы – 20-28 градусты көрсетті.
Кеше күн райы сынған сияқты, әйтеуір аяз сабасына түскен. Десе де, синоптиктер дабыл қағуда. Ертең және арғы күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар, бұрқасын, кей жерлерде күшті боран болмақ. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жететін көрінеді. Қалай десек те, «Қарашаның қайтуы» оңай болмайтын сыңайлы.
Біз «Қазгидромет» орталығы ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының жетекші инженері Айгүл Мыңжановамен тілдескен едік. «Ағымдағы айдың ортасынан басталған аяз үш-төрт тәулікте күшіне енген еді. Арты қарлы боранға ұласатын түрі бар. Желтоқсан да құбылмалы болғалы тұр», дейді ол. Маман сөзіне сенсек, келер айда қар, тұман, бұрқасын, көктайғақ жағдайлары жиі орын алатын сыңайлы. Қазақстанның басым бөлігінде температуралық режім климаттық норма аясында қалыптасады, тек Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында мөлшерден біршама төмен болады.
«Ең суық күндер желтоқсанның бірінші және үшінші онкүндігінде орын алады. Ол кезде солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде сынап бағанасы түнде – 20-25, кей жерлерде – 35 градусқа дейін төмендесе, күндіз – 10-15, кей жерлерде – 20 градусты көрсетеді. Ал батыс, оңтүстік облыстарда түнде – 10-20, күндіз – 5-15 деңгейінде байқалмақ», дейді А.Мыңжанова. «Қазгидромет» өкілінің сөзі дәстүрлі болжамдарымызбен де үйлесіп тұр. Ақырғы айдың алғашқы күндерінде «Қырбастың қызылы» келмей ме? Кәдімгі бет шымшитын аяз. Содан кейін, жылдың соңына таман «Текенің бұрқағы» бар. «Бұрқылдақ» деп те аталады. Бұл – екі-үш күн бойы ұйытқитын ызғарлы боран.
Қаңтар қалай басталады? Кешегі ызғардан соң, бұл сауал да көпті алаңдатқаны рас. Айгүл Мыңжанова алдағы жылдың қысы халықты қатты қыса қоймайтынын айтады. «Ұзақ мерзімге жасалған болжамға сүйенсек, температура аясы орташа көпжылдық мәннен бар болғаны бір градус қана төмен. Ал ақпанда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар шамадан аз жауса, қалған өңірде жылдағы мөлшер шамасында жауады», деген болжам жасады синоптик.
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35