Біз бұған дейін де алдағы күндері Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 30 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп болжанып отырғанын хабарлағанбыз. Жарыс өткізіліп жатқан күндері қала қонақтары мен туристердің адасып кетпеулеріне, діттеген жеріне оңай жетулеріне жауапты ұйымдар бар. Соның бірі – Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571-әскери бөлімінде Универсиада кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін келісімшарт негізінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушылары мен магистранттары ағылшын тілінен курстар өткізуде.
Әскери қызметшілері мен мерзімді қызмет сарбаздарына өткізілген курстар ағылшын тілін күнделікті қарапайым қарым-қатынас тілінде үйретуді қарастырады. Жоғарыда атап өткендей, жөн сұраған, жол сұраған адамға белгілі бір бағытты көрсете білуі үшін Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне ағылшын тілінің тілдесу мәдениетін меңгеру міндеттелген болатын.
Сонымен, ағылшын тілін халықаралық дәрежеде меңгерген аталмыш университеттің жиырмаға жуық оқытушысы мен магистранты әскери қызметшілердің аз ғана уақытта шет тілінің қарапайым сөйлесу-тілдесу түрін үйренуі үшін барын салды. Жедел курстарға көптеген оқу-әдістемелік құралдарын да ала келіп, орыс және қазақ тілдерінде аптасына үш сағаттан сабақтар өткізді. Сабақтар батальон құрамындағы роталар буынында топтарға бөлініп өткізілді. 9-рота сарбаздарына тәлім берген университет магистранты Назерке Смағұл: «Жалпы әскери қызметшілер мен сарбаздарға ағылшын тілінің «Elementary», яғни қарапайым деңгейі бойынша сабақтарды өткізу барысында байқағаным, жауынгерлердің басым бөлігі шет тілінің бастапқы деңгейін меңгерген, бұл − қуантарлық жайт. Ұлттық ұлан қатарына көбіне жоғары білімді азаматтар қабылданатындықтан, ағылшын тілінің алғашқы деңгейін білуі заңды да», дейді.
Сарбаздармен бірге сабақтарға қатысқан 9-рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Тұрсынбай Акбаров: «Біздің ротадағы сарбаздардың бірқатарының жоғары және арнайы орта білімі бар. Өткізілген сабақтар барысында олар тілді меңгеру деңгейлерін естеріне түсіріп, оқытушымен бірге білімдерін пысықтады», деді.
Мұндай курстар алдағы апталарда Қаракемер кентінде орналасқан Ұлттық ұланның 6654-бөлімінің оқу бекетінде жалғасады.
Айта кетейік, Алматы қаласында 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында өткізілгелі отырған 28-ші қысқы Универсиада кезінде мыңнан аса Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын күзететін болады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше