Сенбі күні Қазақстан Кубогын жеңіп алғаннан кейін «Астана» футбол командасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов маусымның қорытындысы туралы өз ойларын ортаға салды.
– Биыл «Астана» тарихта тұңғыш рет «алтын дубль» жасады, яғни чемпиондықты да, Кубокты да жеңіп алды...
– Шынында да, бұл маусымда біздің футболшыларымыз орасан зор жұмыстар атқарды. «Астана» қатарынан үшінші мәрте чемпион атанумен бірге, Алматыда Кубок үшін «Қайратпен» өткен финалда жеңіске жетті. Бұған дейін команда алматылықтарды жарыстың бұл сатысында ұтып көрмеген еді.
Бұған қоса, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықтық. Осылайша үш майданда шайқасқан ұжым жылдың соңына қарай соңғы трофейді де жеңіп алып, маусымды жоғары жетістікпен тиянақтап отыр. Осы матчтың алдында мен енді Кубокты қоса жеңіп алмасақ, биылғы жетістігіміздің жарым-жартылай болатынын, қалайда мақсатқа жетуге ұмтылатынымызды мәлімдеп едім. Сол межені алғанымызға өте қуаныштымын.
– Дегенмен, финалдық матч алдында жұрттың көбі «Қайраттың» жеңіске жақын тұрғанын айтып еді.
– Ал біз олай деп есептеген жоқпыз. Осы матчта қайткенде де жеңіске жетуді көздедік. Соған орай күшімізді де дұрыс есептедік. Жалпы, мен жұмыс жасасып келе жатқан 2,5 жылдың ішінде «Астана» аса маңызды матчтарда алдына қойылған жүкті көтеріп кете алатын команда екенін ұдайы көрсетумен келеді. Біз кез келген матчта фаворит болып жүрміз. Мұның үстіне, біздің жасақ үшін маусым ішінде маңызды емес матч болған емес. Енді нақтылы мына ойынға келсек, екі жақтың жеңіске деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктері шамалас көрінді. Аталмыш екі команда кездескенде, түбінде кімнің ұтатынын алдын ала айту қашанда қиын. Бұл ойында да солай болды. Жағдайды тек ауа райы біраз өзгертіп жіберді. Қар басқан алаңда ойнау екі жаққа да оңайға түскен жоқ. Бірақ сол қиын сәттерде біздің ойыншылар бірінші болып шалттық танытты.
– Доп екінші таймның бас жағында соғылғасын, сіз сол есепті ұстап тұрудың орнына шабуылды күшейтуге күш салдыңыз ғой. Бұл неліктен жасалды?
– Алаңның сипаты мынадай болғасын, таблодағы есептің кез келген уақытта өзгеріп кетуі мүмкін еді. Сондықтан қолда бар шабуылшылардың бәрін іске қосуға тәуекел еттік. Мақсатымыз қалайда тағы бір гол салу болды. Сол кезде ғана біздің жеңіске деген сеніміміз өсе түсетінін пайымдадық. Ал алаң қардан жақсылап тазартылғаннан кейін қорғаныста ойнауымыз жеңілдей түсті.
– «Астана» маусым толық аяқталмай жатып, өз құрамына жаңа ойыншылар ала бастаған ба?
– Бізде қорғаныста ойнайтын қазақстандықтар жетерлік. Бірақ шабуыл өтінде ойнайтындар арасында жергілікті футболшылардың үлес-салмағы оншалықты көп емес. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында Павлодардан Роман Муртазаевты шақырып отырмыз. Ол биылғы чемпионатта Жерар Гоудан кейінгі екінші мерген шабуылшы атанды. Біз сондықтан «Ертістің» форвардын өз қатарымыздан көргіміз келді.
– Ал бүгінгі матчта қақпашы Ненад Эричтің көрінбеуіне не себеп?
– Оның ойынына қатысты ешқандай себеп жоқ. Тек бізде биылғы Кубок ойындарында Александр Мокиннің алаңға шығуы өзіндік бір дәстүр сияқты болып қалып еді, соны бұзғымыз келмеді.
– «Астана» үшін бұл жылғы маусым әлі жабылған жоқ қой.
– Дұрыс айтасыз. Бүгіннен бастап Қазақстандағы барлық командалар қысқы үзіліске шықты. Ал бізге Чемпиондар лигасының топтық раундында әлі екі матч өткізу керек. Алдымен, 24 қараша күні өз алаңымызда Кипрдің АПОЭЛ-ін қабылдасақ, 8 желтоқсанда Швейцарияда жергілікті «Янг Бойз» клубымен күш сынасып, топтық ойындарды аяқтаймыз.
Әңгімелескен
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
• 23 Қараша, 2016
Станимир СТОЙЛОВ: Біз үшін маңызды емес матч болған жоқ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17