Гүлбану Сармурзина мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан шақ – еліміз тәуелсіздік алғанына небары үш-ақ жыл болған елең-алаң кез еді. Дағдарыстың демі үскірік, бет қаратпай соққан кезде мұғалім, мәдениет қызметкері сынды әлеуметтік сала өкілдері кен орындары мен сауда саласына жаппай бет бұрды. Мектептерде мұғалімдер жетіспей, тіпті аталмыш мамандыққа баруды қолай көрмейтін түсінік пайда болды.
Ал Шетпе кентіндегі мектепті үздік аттестатпен бітірген Гүлбану Оңалбайқызы болса, өзге құрбылары секілді мамандық таңдап, оның болашағын ойлап бас қатырған жоқ, бірден «Мұғалім болғым келеді, ол – менің бала кезден бергі арманым» деп құжаттарын Ақтаудағы мұғалімдер даярлайтын оқу орнына тапсырды. Келешегіне зор сеніммен қарауға болатын, жалақысы жоғары жұмыс орындарына дайындайтын оқу мекемелеріне түсуге кеңес бергендер де болды және мұндай іргелі оқу орындарына оқытуға отбасылық жағдайы да сәйкес келетін. Бірақ, қаршадай Г.Сармурзина өзінің жан қалауын ұстанды, өзінің ішкі үнін басшылыққа алды. Алдымен Маңғыстау педагогикалық колледжінде, кейіннен Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде білім алды.
Бүгінге дейінгі 20 жылдық еңбек өтілінің 11 жылын Ақтау қаласындағы №13 гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып пәнінің мұғалімі болып келеді. Ізденімпаз, оқушылармен қоян-қолтық жұмыс жасайтын және өз ісіне берілген маман әріптестеріне сыйлы. Бірнеше жыл қатарынан мектеп директорының жалпы білім беру ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған ол қазір бастауыш сынып оқушыларына терең білім беру үшін беріле еңбек етуде.
– Ыбырай Алтынсариннің тәмсіліне сүйенсек, «ағаштың түзу өсуі – шыбықтың дұрыс бапталуынан» ғой. Мен – бастауыш сыныптың, әрі тарих пәнінің мұғалімімін. Бірақ, шыбықтай болған балаларымызды басынан бастап тәрбиелеу үшін бастауыш сыныпты таңдадым, – дейді ол.
Негізі ұстаз еңбегін түрлі анықтамалармен бағалап, түрлі өлшемдермен өлшеудің қажеті жоқ. Бүгінгі тілмен айтсақ, ұстаз рейтингі шәкірттері арқылы көрінеді, яғни шәкірттер – ұстаз еңбегінің айнасы. Үнемі ізденіп, білім беру саласындағы соңғы технологиялар мен әдістерді меңгеріп, түрлі семинар, курстарға қатысып, өз бетінше білімін жетілдіріп жүретін шығармашыл ұстаз Г.Сармурзинаның шәкірттері де қатысқан сайыстардан жүлдесіз оралмайтыны таңғаларлық. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейлерде бірнеше Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен марапатталып, білім саласына, бастауыш оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытындағы өзі көрген-білгендері мен түйгендерін, іс-тәжірбиесін облыстық, республикалық басылым беттерінде бөлісіп отыратын жоғары санатты мұғалім Г.Сармурзина «Оқытып жүріп өзіміз де үйренеміз» қағидасын өмірлік ұстаным еткен.
Отбасында ұл мен қыз тәрбиелеп отырған ана, асыл жар, үлкендерге ізетті келін бола алған ол екінші отбасы саналатын жұмыс орнында да үлкен-кішімен тіл табысып, қызметін адал да аянбай орындауымен ерекшеленеді.
Мұғалім мәртебесі төмендеп, бұл мамандыққа менсінбей қарау белең алған тұста ұлы мамандықтың уығын берік ұстап қалған және шаңырағын шайқалтпай мамандығына шын берілген Гүлбану Оңалбайқызының еңбегіне, табандылығына сүйсінесің.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемене Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше