Айтулы шара «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында ұйымдастырылып, Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арналды. Салтанатты түрде мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов жиналғандарға құттықтау сөз арнады. Қазақстандықтар үшін ұлық мереке саналатын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жалпыхалықтық деңгейде атап өтілуде. Осы кезең ішінде Елбасының бастауымен еліміз тұрақты даму жолымен келеді. Көптеген биік белестерді бағындырдық, дей келіп, Ерік Хамзаұлы «Ұлы Дала елі–Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында тағылымы мол патриоттық шаралар бастау алғанын жеткізді.
Облыстың құрметті азаматы Нелли Иванова, Қызылжар ауданындағы «Жастар бастамалары» орталығының директоры Думан Зікірин, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Нұрғали Елшібеков өз сөздеріне Тәуелсіздіктің жарқын табыстарын, еліміздің ертеңі – жастардың оқуына, білім алуына, жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасалғанын, басты құндылығымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жете ұғыну, көздің қарашығындай қорғау басты міндет екенін арқау етті.
Шара барысында жастар қауымына «Тәуелсіздік құрдастарының тілектері» атты кітап табыс етілді. Бұл кітап 25 желтоқсанға дейін барлық аудандарды аралап, облыстық мұражайға жеткізілетін болады. Акция сонымен қатар, мерекелік жиындарға, кездесулерге, мәдени-спорттық ойындарға жалғасатын болады. Егемендік алғаннан бергі кезеңде жеткен жетістіктер, ұлттар мен ұлыстар арасындағы берік достық, бірлік кеңінен насихатталады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше