28 Қаңтар, 2017

Елдос Сметов: Токио Олимпиадасында алтын алуым керек

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Smetov Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында алтын алған жағдайда мансабын аяқтауға дайын болыпты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Риоға физикалық, психологиялық, техникалық жағынан дайын болып бардым. Финалда сәттілік жетіспеді. Олимпиада күмісі – карьерамдағы басты жетістігім. Егер Риода алтын алсам карьерамды аяқтайтын едім. Қазір медальдарымның арасында Олимпиаданың алтыны жоқ. Демек, ол медальды алу үшін Токио Олимпиадасына дайындаламын», – дейді дзюдошы. Айта кетейік, 24 жастағы дзюдошымыз Риода өткен Олимпиада ойындарында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, күміс жүлде алған болатын. Ол финалда ресейлік Беслан Мудрановтан жеңіліп қалған еді.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30