Қазақстанда алтын қорының көлемі бойынша екінші орында тұрған «Полиметалл» компаниясы жылды қорытындылап, 2017 жылға арналған жоспарларымен, соның ішінде Қазақстандағы екі жоба – Шығыс Қазақстан облысындағы «Қызыл» және Қостанай облысындағы Варваринский туралы ақпаратымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компанияның баспасөз қызметі жариялаған хабарламада «Полиметалл» тобының бас атқарушы директоры Виталий Несистің пікірі келтірілген. Ол компанияның еркін ақша ағынының тұрақтылығын сақтап және акционерлерге көлемді дивидендтер төлей отырып, оң өндірістік нәтижелерге қол жеткізетінін атап өтті.
«Осымен бесінші жыл қатарынан өндірістік жоспарды орындап келеміз. 2017 жылы еркін ақша ағынын құруға, дивидендтер төлеуге, Қызылдағы құрылыс жұмыстарын және ұзақ мерзімді жобаларды аяқтауға көңіл бөлеміз», – деді В.Несис.
Бүгінде Қызылдағы бос жыныстардың ескі қалдықтарын көшіру жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары жасалуда. 2017 жылы өндіріс көлемі екі есеге өсуі тиіс. Жоба жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Инженерлік талдамалар мен жобалау жұмыстары 2017 жылдың I тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
Өңдеуші фабриканың ғимараты тұрғызылып, көпірлі крандар қондырылған. Өңдеуші құрылғының фундаменті әзірленуде. Кен өндіруге арналған құрылғылардың алғашқы топтамасы (қойылтқыш, кептіргіш, електер) әкелінді.
Сыртқы инфрақұрылым (жол, электр жарығы, су) дайын, қазіргі таңда алаңның инфрақұрылымын құру жұмыстары жасалуда. Қызылдағы алғашқы концентратын өндіру жоспар бойынша 2018 жылдың III тоқсанында басталады.

«Классик» Ибрагим Магомадов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 21:38
Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 20:27
Астанада шахматтан Senat Open турнирінің ширек финалы өтеді
Шахмат • Бүгін, 19:41
Қазақстанның 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері ЖИ бойынша білім алады
Технология • Бүгін, 19:38
Кесар тілігінің зардабы қандай?
Медицина • Бүгін, 18:34
Жобалық кеңсе ЭКСЖ жоспар-кестесін орындау бойынша артта қалған өңірлерді атады
Энергетика • Бүгін, 18:15
Бала тілінің кеш шығуына не себеп?
Қоғам • Бүгін, 18:05
Батыс Қазақстан облысына құлаған дрон қай елге тиесілі?
Аймақтар • Бүгін, 17:49
Ішкі істер министрлігі: Полиция қызметкерлеріне күш қолданған барлық тұлғалар қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Қытайда ЕҰУ стандарттарына негізделген жаңа институт ашылды
Білім • Бүгін, 16:57
Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?
Қоғам • Бүгін, 16:48
Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 16:25
Әзербайжан жағалауында магнитудасы 5,4 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 16:13