Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен аптадағы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Қазақстан халқына жариялаған Үндеуі, онда көтеріп отырған мәселесі өте орынды. Ол көптен бері пісіп-жетіліп келе жатқан саяси-ғаламдық мәні бар зор мәселе еді. Айтулы мәселенің шешімін қалай болғанда да Президентіміздің өз бастамасымен шешудің де маңызы зор еді. Ал Елбасымыздың бастаманы өзі көтеріп, демократиялық үдерістерді аяғына дейін дамыта түсуге ықпал еткісі келгенін өте дұрыс әрі дәл уақытында қолға алынған тұжырым деп ойлаймын.
Әрбір мемлекет органы өкілеттігінің құқықтары болсын, Парламенттің немесе Президенттің құқықтары болсын, немесе одан төменгі органдардың құқықтары болсын, бәрі де заманның ағымына, қоғамның өркендеуіне, уақыт талабына байланысты қайта қаралып, өзгертіліп, толықтырылып, алға қадам басып отыруы тиіс. Сондықтан да Президентіміздің бүгінгі көтеріп отырған идеясын мен ең қарт қоғамдық-саяси қайраткер ретінде өте орынды деп санаймын. Біз бұл мәселені қайткенде де қолдап, әрі қарай өркендете түсуге тиіспіз.
Конституция, яғни еліміздің Ата Заңы – қатып-семіп қалған заң емес. Конституция да, Конституцияның әрбір тарауы да заман талабына, мемлекетіміз алдына қойып отырған мақсаттарына, билік шешіміне сай мезгілі жеткен кезде толықтырылып, қажетті өзгерістерін енгізіп отыруы керек.
Ал Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Бес негізгі басымдық», «Маңызды кешенді үш міндет» сияқты бағыттардың бәрі де көңілімізден шығып отыр. Тек ең бастысы, сол бағыттарды жүзеге асыруда асығыстыққа салынбауымыз қажет. Асығыс істелген іс олқылау болып қалмақ. Сондықтан беделді де білікті азаматтарды Президенттің айналасына шоғырландырып, сол жерде біраз мәселені шешіп барып, әрі қарай дамыта берген жөн деп ойлаймын.
Парламент расымен де мемлекет қалауындағы мәселелерді шешіп, маңызды істерге араласып отыруы тиіс. Парламенттің елімізді, мемлекетті өркендету мақсатында Президентпен күш жұмылдыра жұмыс істеуі – заман талабы. Сондықтан Президентіміздің бұл бастамасын барынша қолдаймын әрі орынды, өрісті бастама деп ойлаймын.
Сұлтан САРТАЕВ,
заң ғылымдарының докторы,
Ұлттық ғылым академиясының академигі

Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43
Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Королін құттықтады
Президент • Бүгін, 11:40
Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қоғам • Бүгін, 11:30
Каспийде бір айда 20 рет жер сілкінді
Табиғат • Бүгін, 11:10
Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады
Бюджет • Бүгін, 11:05
Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 10:58
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Несие • Бүгін, 10:40
Дербес деректер интернетте сатылған: Сатып алушылар арасында микроқаржы ұйымдарының өкілдері бар
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:29
Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты
Бокс • Бүгін, 10:23
Сайлау қарсаңындағы теракт: Колумбияда автобус жарылысынан 20 адам ажал құшты
Әлем • Бүгін, 10:20
Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді
Әлем • Бүгін, 10:10