Бюджет • Бүгін, 11:05

Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ашық НҚА» порталында зейнетақы жинақтарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) мерзімінен бұрын алу үшін минималды жеткіліктілік шектерін көтеруді көздейтін Үкімет қаулысының жобасы бойынша қоғамдық талқылау аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақы шегін көтеру жобасы қоғамдық талқылауда қолдау таппады

Жобаға қатысушылар барлығы 40-тан астам пікір қалдырып, ешқайсы қолдау білдірмеген. 22 пайдаланушы қарсы дауыс берген. 

 Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін

Талқылауға қатысушылар құжатта шектерді есептеу әдістемесі мен нақты өзгерістер толық көрсетілмегенін айтып, бұл қоғамда ашықтыққа қатысты сұрақ туғызғанын атап өтті. Кей азаматтар зейнетақы жүйесіндегі табыстылық инфляциядан төмен екенін, ал өзгерістер салымшыларға қосымша ауыртпалық түсіретінін айтты. Сондай-ақ ережелердің күрт өзгеруі халықтың сеніміне кері әсер етуі мүмкін деген пікірлер айтылды.

 Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға қатаң талаптар қойылды

Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл өзгерістер ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет екенін мәлімдеді.

Ресми дерекке сәйкес, соңғы бес жылда халық БЖЗҚ-дан шамамен 5 трлн теңге көлемінде қаражатты мерзімінен бұрын алған. Оның ішінде 20-35 жас аралығындағы азаматтардың үлесі шамамен 1 трлн теңгені құрайды.

 

Соңғы жаңалықтар