14 Ақпан, 2017

Экономиканы ілгерілетудің драйвері

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы жария­ланды. Өзінің Жолдауында Елбасы эконо­микалық өсімнің жаңа моделін құру­дың қажеттілігін айтты. Оны «Үшінші жаң­ғыру» деп атады. Бұл өзгерістерде сыбайлас жемқорлықпен және экстремизммен күрес, сондай-ақ, кәсіпкерлікке қолдау көрсету жә­не мемлекеттің экономикадағы рөлін бә­сең­дету секілді басымдықтарға айрықша назар аударылған. Үшінші жаңғыру кезеңі Қазақстанның орнықты түрде дамуына бағытталған әлеу­меттік-экономикалық және саяси жаңа­рудың логикалық тұрғыдан алғандағы, жал­ғасы іспетті. Оның аясында мемлекеттің эко­но­микалық өсімінің жаңа драйверлері болып, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, құрылыс салалары саналмақ. Жаңа драйверлер экономиканың ілгерілеуі мен ел тұрғындарының жұмыспен қамтылуы үшін күшті серпін беруі тиіс. Сонымен қатар, Президент адам рес­урстары мен адами капиталға айрықша көңіл бөлді. Жолдауда азаматтар үшін маңызды мәселелер – білім, денсаулық сақ­тау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй­ге қатысты түйткілдер атап өтілді, нақты мәлі­­меттер көрсетілді. Ал бұл – мемлекеттің өзі­нің әлеуметтік міндеттемелерін орын­дауға дайын екендігін білдіретін маңызды көр­сеткіш. Жалпы алғанда, Үшінші жаңғыру кезеңі мемлекеттің жаңа технологиялық өзгеріске және экономиканың сапалы түрде дамуына біртіндеп болсын қадам басуына ықпал етпек. Бұл Қазақстанның аймақта және әлемде экономикасы мықты елге айналуына жол ашпақ. Біздер, Ресейде тұрып жатқан қазақтар Қазақстан Республикасының стратегиялық тұрғыда дамуына баса көңіл бөліп келеміз. Осы орайда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа барлық алға қойған мақсат-міндет­терді жүзеге асыру жолында сәттілік пен та­быс тілейміз, ал республика бейбітшілік ауанында өсіп-өркендей берсін! Эдуард ЫСҚАҚОВ, Қазақ мәдениетін дамыту қоры басқармасының төрағасы Астрахан қаласы, Ресей Федерациясы