Павлодарда ағымдағы жылдың мамыр айында қоғамдық көліктердің жүру уақыты туралы ақпарат беретін мобильді қосымшаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қала әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекованың айтуынша, бүгінгі күні павлодарлық және астаналық фирмалар қосымшаның жобасын дайындауда. «Әзірге қосымшаның қызметі мен GPS құрылғысының енгізілуі, жобаның құны қалай болары белгісіз.
Наурыз айының басында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жобаны бекітіп, қажетті қаржыға сұраныс жолдайды. Кейін конкурс жарияланып, заманауи жобаны жасап шығаратын жеңімпаз мердігер анықталады», - деді баспасөз хатшысы. Сондай-ақ, Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы да пәтер иелерінің кооперативтеріне (ПИК) арналған қосымшаны жарыққа шығармақ. Бұл жобада қала бойынша ПИК басшылары мен арнайы мамандардың телефон нөмірлері көрсетіліп, тұрақты сараптама жасалып тұратын болады.
• 14 Ақпан, 2017
Павлодарда қоғамдық көліктерге арналған қосымша іске қосылады

Отандық ғылыми жұмыс Кореяда таныстырылды
Университет • Бүгін, 13:52
Темекіге тыйым салу саясаты неге нәтиже бермей отыр?
Денсаулық • Бүгін, 13:23
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,4%-ға артқан
Шаруашылық • Бүгін, 13:04
Жинақ қанша теңгеден басталады?
Экономика • Бүгін, 12:49
Бейіндік сыныптарда қанша оқушы кәсіби дағдыларды игереді?
Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 12:40
Талғар соты Хасан Қасымбаевқа үкім шығарды
Қоғам • Бүгін, 12:26