14 Ақпан, 2017

World Press Photo нұсқасы бойынша жылдың үздік фотолары жарияланды

437 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

World Press Photo 2017 фотобайқауының жеңімпаздары белгілі болды. Биыл байқауға 80 мыңнан астам сурет түскен. 25 елден келген фотолар 8 санат бойынша бағаланып, оның 45-і үздік деп танылды. Бұл туралы BBC жазады.

Бірінші орынды Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карлов өлтірілген кезінде түсірілген фото алды.

2016 жылдың 19 желтоқсанында түрік фотографы Бурхан Озбилиджи Associated Press агенттігі қызметкерлерімен бірге Анкарадағы көрмеге шақырылған. Оған Ресей елшісі де келеді. Суретте түркиялық бұрынғы тәртіп сақшысы Мәуліт Мәрт Алтынтас. Қолындағы тапаншасымен бірнеше секунд бұрын ғана ресейлік елшіні атып тастаған кезі.

турецкий полицейский Мевлут Мерт Алтинтас с пистолетом в руке, через несколько секунд после того, как он застрелил посла

  New York Times басылымының фотографы Дэниэл Берехулак "Жалпы жаңалықтар" санатында бірінші орын алды. Оның суреті "Бізді хайуан секілді өлтіруде" деп аталады. Суретте Филиппиннің Манила қаласындағы полиция бөлімшесіндегі тұтқындар. заключенные в полицейском участке в Маниле на Филиппинах   Фотограф Лоран Ван дер Стокт Le Monde газетінде жариялаған фоторепортажының ішінде төмендегі суреті үшін "Жалпы жаңалықтар" санатында сыйлық алды. Сурет 2016 жылдың 2 қарашасында Мосулда түсірілген. сцена обыска иракскими силами безопасности в Мосуле 2 ноября 2016 года   New York Times басылымындағы Сергей Пономаревтың төмендегі суреті "Жалпы жаңалықтар" санатында сыйлық алды. Суретте Мосулды тастап қашып бара жатқан Ирак отбасы. Иракское семейство бежит из Мосула, в котором идут бои, на фоне горящих нефтяных приисков   Валерий Мельников Луганская стансасындағы жарылыстар кезінде жанып жатқан үйлерін тастай қашып бара жатқан ерлі-зайыптыларды суретке түсіріп, сол үшін "Украинаның қаралы күндері" атты ұзақмерзімді жобада үздік деп танылды. Муж и жена бегут из горящего дома во время бомбежки в станице Луганская   Осы санат бойынша екінші орын "Иран сапары" суреті үшін Хуссейн Фатемиге берілді. Фотограф осы сурет арқылы Ирандағы жастардың бүгінгі бейнесі мен күнделікті өмір салтын ашуға тырысқан. Танцующие женщины   Америкалық фотограф Эмбер Брэкен "Бүгінгі күннің проблемалары" санатында бірінші орын алды. Суретте Кэннон-Болл қаласының жанындағы 1806 тас жолындағы наразылық шарасы кезінде көзден жас шығаратын газдан зардап шегушіге көмек көрсетіліп жатқан сәт. оказание первой помощи пострадавшему от перечного аэрозоля во время акции протеста на шоссе 1806 близ города Кэннон-Болл.   Ямайкалық желаяқ Хусейн Болт 2016 жылғы Риодағы Олимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтықта қарсыластарын күлімдеп озып бара жатқан сәті. Суретті түсірген Кай Оливер Пфаффебах "Спорт" санатында үшінші орын алды. Ямайский бегун Усейн Болт с улыбкой оглядывается на своих соперников на финишной прямой 100-метровой дистанции в полуфинале Олимпийских игр в Рио в 2016 году   Френсиз Перез "Табиғат" санатында төмендегі суреті үшін үздік деп танылды. 2016 жылдың 8 маусымында түсірілген бұл суретте Тенерифе аралдарында мекен ететін тасбақа. Это снимок морской черепахи, запутавшейся в рыболовной сети у побережья острова Тенериф   National Geographic журналының фотографы "Мүйізтұмсықтар соғысы" очеркіндегі осы суреті үшін бірінші орын алды. Мозамбиктік 19 және 28 жасар ағайынды екі браконьер жергілікті абақтыда отыр. Два браконьера, один 19 лет, другой 28 лет от роду, задержанные в Мозамбике недалеко от границы с заповедником Крюгер, ожидают оформления в местной тюрьме.   Кубалық студенттерді Фидель Кастроны жерлеу рәсімінен кейін жүк көліктерімен үйлеріне жеткізуде. Суретті түсірген Томас Мунит осы сурет үшін "Күнделікті өмір" санатында үздік шықты. Кубинских студентов развозят по домам на грузовиках после проводов праха покойного Фиделя Кастро в провинции Лас Тунас